Дәрістер мазмұны бастауыш сынып оқушыларының жобалау әрекетін ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет324/335
Дата11.05.2022
өлшемі2,73 Mb.
#141889
түріБағдарламасы
1   ...   320   321   322   323   324   325   326   327   ...   335
Байланысты:
Д рістер мазм ны бастауыш сынып о ушыларыны жобалау рекетін й

мұғалім көмегі
төмендегі бағыттарда аса қажет болады: 
-
оларды түрлі ақпарттар көзімен, құрал – жабдықтармен 
қамтамасыз ету; 
-
түрлі нақты сұрақтар қою арқылы проблеманы шешу 
барысындағы қиындықтарды талқылауға, шығу жолдарын 
іздестіруге тарту; 
-
жұмыс барысында өзінің оң не теріс пікірлерін айтып отыру; 
-
жобалау барысын жазып отыруға үйрету; 
-
жұмыс нәтижелерін талдауға үйрету; 
-
жобалау әдісін пайдалануда мұғалім өзі үшін төмендегі 
мәселелерді анықтап алуы қажет: 
-
жобалау үшін қажетті тапсырмалар мазмұнын; 
-
әр түрлі жастағы оқушылар үшін жобаны орындау әдістемесін; 
-
жоба жасау тапсырмалары мен өзінің жетекшілік ететін 
тұстарын; 
-
белгілі бір жобаны орындауға қажетті оқушылардың білімділік 
және біліктілік деңгейлерін. 
Сонымен, жобалау әдісі дегеніміз не? Бұл педагогикалық қана емес, 
әлеуметтік мәні бар проблема. Өйткені жобалау мәдениетін игеру – қайта 
жаңарту әрекетін игеру деген сөз. Сондай – ақ, оның әдістерін, құрастыру 
мен модельдеу тәсілдерін тақырыпқа, талапқа сай орындай білу де керек. Бұл 
жерде дизайн жасаудың әдістері мен тәсілдері тек жоба жасау үшін ғана 
емес, оқушының қоршаған ортада кеңістігін проблемаларды модельдеу, 
ойша құрастыру, бейнелеу, кеңістіктен ойлау, логикалық ойлау сияқты 
сапаларын дамытуда да маңызды орын алады. 
Жобалау әдісі оқушының танымдық және қайта құрушылық 
әрекеттерінде шығармашылық мүмкіндіктерін жүзеге асыруға, оқу 
мотивациясын арттыруға, интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға ықпал 
етеді, өз бетімен жұмыс істеу, жоспарлау, шешім қабылдау, нәтижені бағалау 
дағдыларын қалыптастырады. 


Өздерінің болашақ өмірінде кездесетін проблемаларды шешу үшін 
қажетті тәжірибелер жинақтайды. 
Жобалау әдісіне үйрету барысында оқушылар әрекеттің субьектісіне 
айналады, сөйтіп, әр оқушы жобалау тобының тең құқылы мүшесі болып 
табылады. 
Мұғалімнің ролі басқарушы емес, оқушының серіктесіне айналады. 
Жобалау әрекетіне қатысу барысында оқушы түрлі ролдер атқарады, 
қызығушылығына байланысты топтарға бірігеді, тапсырманы мерзімінде 
орындауға, бір – біріне көмектесуге, жауапкершілікке дағдыланады. Сондай 
– ақ, жобалау әрекетіне қатысу арқылы оқушылар өз бейімділігін, 
мүмкіндіктерін анықтап, болашақ мамандығын таңдауға да мүмкіндік алады.
Сондай – ақ, мұғалім үшін де жобалау әдісіне қатысу оның 
шығармашылығын арттыруға, педагогикалық әдістемесін кеңейтуге жағдай 
туғызады . 
Оқушылар жобаларының түрлері мен критерийлері (көрсеткіштерін) 
шартты түрде төмендегі кестеден көруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   320   321   322   323   324   325   326   327   ...   335




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет