Дәрістер мазмұны бастауыш сынып оқушыларының жобалау әрекетін ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет76/335
Дата11.05.2022
өлшемі2,73 Mb.
#141889
түріБағдарламасы
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   335
Байланысты:
Д рістер мазм ны бастауыш сынып о ушыларыны жобалау рекетін й

Синергетикалық ұстаным. 
Бұл тұрғыдан алғанда, адамдар, 
әлеуметтік ұйымдар -ашық және өзгеретін, сыртқы ортамен қарым-
қатынасы арқылы өзін-өзі дамытуға өзіндік мүміндігі бар жүйе. Осындай 
сапаларын атай отырып, педагогикалық жүйенің барлық деңгейлерінің де 
синергиялық қасиетін көруге болады. Жобалау 
әрекеті 
өзінің 
мүмкіндіктері, ресурстары арқылы білім алушылар мен педагогтардың 
өзіндік дамуы мен өзіндік білім алуын ұйымдастыратын синергиялыққа 
негізделеді. Сөйтіп, жобалауда синергетикалық принциптің сақталуы
педагогтардың, білім алушылардың, шығармашылық топтардың, сыныптың, 
білім беру ұйымының, т.б. өзін-өзі басқару негізінде дамуын қамтамасыз 
етеді.
 
Мақсаттық
-
 бағдарлылық
ұстаным 
жобалаудың белгілі бір мақсатқа 
қол 
жеткізуге 
бағытталуын, 
сонымен 
қатар 
жүйенің 
барлық 
компоненттеріндегі 
өзгерістер 
жалпы 
жүйе 
мақсатына 
сәйкес 
ұйымдастырылуын қамтамасыз етуді қажет етеді. Бұл принцип сонымен 
қатар мақсат қою барысындағы ізденушілік пен зерттеушілік әрекеттер 
негізінде жобалау алды талдау қызметін де қамтиды. 
Технологиялық ұстаным
 
жүйенің алдына қойылған міндеттерді 
орындаудың технологиялық реті құрастырылып, қажетті ресурстардың 
алдын - ала анықталуын қамтамасыз етеді. Технология талаптарына сай
қатысушылардың қызметтерін бөлісу және оларды үйлестіріп отыру
ұйымның мақсатына қарай жылжуын қамтамасыз етеді, бұл принцип 
жобалауға қатысушы адамдар мақсаты мен жүйенің даму мақсатын 
сәйкестендіріп отыруға мүмкіндік береді; 
Құзыреттілік ұстанымы 
жобалауға қатысушылардың мақсатты 
орындауға мүмкіндік беретін құзыреттіліктері болуын қажет етеді. Жобалау 
– ақпараттық, коммуникативік, рефлексиялық әрекеттер арқылы жүзеге 
асырылады, өйткені, жобалау барысында қамтылатын педагогикалық 
талдаулар мен шешімдер, болжау мен жоспарлау қызметтері негізінен оған 
қатысушылардың құзыреттіліктеріне байланысты. Бұл құзыретіліктер 
адамдарға өз тәжірибесінен байыптай, зерттей отырып, проблемаларды
талдау, бағалау, арқылы нәтижелі қызмет жасауға мүмкіндік береді.
Кері байланыс ұстанымы. 
Жобалауды ұйымдастыруда мақсат-
міндеттермен қатар күтілетін нәтижелер белгіленеді. Педагогикалық
процесте нәтиженің орындалу барысы, жолдары мен тәсілдері талданып, 
объективті баға беріледі. Кез келген педагогикалық жүйе - ашық әлеуметтік-
педагогикалық жүйе ретінде әлеуметтік ортамен, ата-аналармен, түрлі 
қоғамдық, ұйымдарымен, сонымен қатар ұйым ішіндегі адамдармен
диалогтық қатынас ұйымдастыра алады. Өзіндік түзету, коррекциялау, өз 
әрекетіне өзгеріс енгізу арқылы нәтижелердің тиімділігі қамтамасыз етіледі.
Нәтижелілік ұстанымы 
жобалау нәтижесінде орындалуы тиіс 
күтілетін нәтижелердің алдын - ала нақты сипатталуы мен оған қол жеткізуге 
бағытталған технологиялар мен тиімді әдіс - тәсілдердің, ресурстардың 
таңдалуымен қамтамасыз етіледі, сонымен қатар, нәтижелердің мақсатқа 
сәйкестілігі сараптамалар арқылы анықталады. 


Сонымен қатар, педагогикалық жүйелер қызметтерінің нәтижелері 
жүйе ішіндегі өзара тығыз байланыста болып келетін көптеген факторларға – 
ресурстар мүмкіндігіне, ұйымдастырушылық ерекшеліктеріне, педагогтар 
құндылықтарына, сыртқы ортамен байланысына
т.б. – тәуелді екені 
ескеріледі. 
Педагогикалық жүйенің жалпы мақсаты мен барлық құрылымдардың 
мақсаттарын сәйкестендіру және қызметтік құрылым мен адам ресурстарын 
құрылымын нәтижеге жетуде тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін 
мақсаттық - бағдарлы жобалар
болып табылады.
Мақсаттық - бағдарлы жобалар тиімді дамыту құралы болып 
табылады, өйткені оны қолдану жағдайлары (белгілі бір құрылымдық жүйеге 
өзгерістер ендіру, туындаған проблеманы кешенді тұрғыдан шешу қажеттігі, 
әлеуметтік даму тенденцияларына сәйкес өзгерістер, т.б.) өтпелі кезеңнің 
ерекшелігіне толық жауап береді, сонымен қатар, бұл бағдарлама әлеуметтік
- экономикалық жағдайларға сай мемлекеттік, аймақтық, аудандық қана 
емес, белгілі бір жүйе, немесе ірі мекеме, ұйым деңгейлерінде де сапалы 
өзгерістерді жүзеге асырудың негізгі жолы ретінде қарастыруға мүмкіндік 
береді. 
Жобалау негізінде шығармашылық топтар, шағын топтар, белсенді 
топтар құрылуы мен олардың өзара байланыстарын көлденең, немесе желілік 
сипатта нығайту қажеттігі, проблемалардың негізінен пәнаралық және 
интегративтік сипатта болуы қалыптасқан құрылымға өзгерістер
қажеттігін тудырып, дәстүрлі қызметтер 
матрицалық құрылым
арқылы 
үйлестіріле қолданылады. Бұл иерархиялық түрдегі жоғарыдан төмен қарай 
басқарудың орнына, басқарылатын кіші жүйелердің, немесе элеметтердің 
әрқайсысының мақсатын орындауды көздейтін жүйеааралық «көлденең» 
байланыстардың
болуына негізделеді.
Матрицалық құрылым өзара байланыстардың жаңа түрі болып 
табылады. Оның басты ерекшелігі - басқарудағы дәстүрлі қызметтік және 
жүйе элементтері мен басқарушы органдар арасындағы міндеттер мен 
өкілеттіктері, жауапкершіліктерді мақсатқа сай үйлестіруге сүйене отырып, 
мақсаттық бағдарлы іс-әрекеттердің ерекше қызметін ұйымдастыра алуында. 
Осылайша, жобалау қызметі барысында жаңа бөлімшелер құру, өз 
тиімсіздігін көрсетіп отырған құрылымдық бөлімдерді жабу немесе қайта 
құру, ішкі кадрлық өзгерістер, т.б. жаңарту жұмыстары жүргізіледі.
Мақсаттық - бағдарлы жобалардың алдымен дәстүрлі басқару циклдік 
айналымына – жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, есептеу, реттеу, талдау –
негізделетінін ескеру қажет. Мысалы 
бірінші кезеңде
: жобалық бағдарлама 
құрастыру; кіру және шығу мәліметтерін дайындау; нәтижелерді бақылау, 
бағалау өлшемдерін даярлау; жобаны талдау және оны түзету жолдарын 
жасау; талдау нәтижелерін ескеру және жобаны өзгерту жолдарын белгілеу. 
Екінші кезеңде
, тиісті қызметтік сала басшылары мен бөлімшелердің,
мамандарының арнайы міндеттері мен қызметтерін бекітіп беру қажет, олар 
берілген мақсат ауқымына сай әртүрлі болуы мүмкін.


Жүйені мақсаттық - бағдарлы жобалау қызметі негізінде 
дамытудың үлгілік матрицалық құрылымы мақсатты түрде күтілетін 
нәтижелерге бағытталауын көздейді. Мақсаттық - бағдарлы жобалар
тұрақты сипатта да, уақытша сипатта да бола алады, әрбір жобалық 
бағдарламаны басқарушы тағайындалып, салалық орынбасарлардың, немесе 
кіші жүйе басшыларының қызметтері белгіленген мақсаттарға сай арнайы 
ұйымдастырылады. 
Төмендегі 6 - суретте мақсаттық - бағдарлы жобалaу қызметін 
ұйымдастырудың матрицалық құрылым үлгісі ұсынылып отыр. 
Сурет 6. Мақсатты–бағдарлы жобалаудың үлгілік матрицалық 
құрылымы 
Матрицалық құрылымның басты элементтері – 
мақсаттық
-
 бағдарлы
жобалар
(суретте шеңберлер ретінде берілген), олар салалық басшылар мен 
ондағы қызметкерлердің мақсатты бағдарламаны орындау барысындағы 
қайталанып отыратын қызметтерін көрсетеді.
Суреттегі тік сызықтар – басқару қызметтерімен және көлденең 
сызықтар – мақсаттық - бағдарлы жобалармен байланыста болатынын 
бейнелейді.Педагогикалық жүйелерді бүгінгі таңда бір уақытта бірнеше 
мақсаттарды орындау қажеттігі туындап отырады, ол үшін жүйені 
басқарушылардың тікелей ұйымдастыруын талап ететін бірнеше бағыттар 
қамтылуы да мүмкін. 
Жүйені басқарушы (ректор, директор,
жетекші ... ) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   335




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет