Е
Г
Д
А
Б
В
А, Б, В
–
Салалық
қызметтер басшылары,
орынбасарлар
Мақсаттық–
бағдарлы жобалар
Г, Д, Е
–Мақсаттық –
бағдарлы жобаларды
басқарушылар
Мақсаттық-
бағдарлы
жобалау
қызметі
Оларды жүзеге асыру, бір жағынан, жүйенің тұрақты жұмысын
қалыпты жағдайда басқару, екінші жағынан, жаңадан туындап отырған
мақсаттарды нәтижелі орындауға байланысты күрделенетіні белгілі.
Мысалы, соңғы жылдары білім беру жүйесін 12-жылдық білім беруге
көшуге даярлау, оның нәтижелері ретінде білім алушылардың құзыреттілік
сапаларын қалыптастыру міндеттері қойылып отыр. Бұл міндеттер
педагогикалық жүйелер ретіндегі білім беру ұйымдарын басқарушылар
алдына да, білім беру үрдісін басқарушы педагогтар алдына да жаңа
талаптар қоюда.
Педагогикалық жүйелердің синергетикалық табиғатындағы
өздігінен
ұйымдасу
мүмкіндіктерінің болуы
мен оның тәжірибеде жүзеге
асырылмауы мына проблемаларды айқындайды:
біріншіден,
педагогикалық
жүйелер ретіндегі білім беру ұйымдарын басқарудағы жүйенің түрлі
деңгейлеріндегі барлық компоненттерін жалпы жүйенің алдына қойылған
жүйеқұраушы мақсатқа сай тиімді ұйымдастыру қажеттігі,
екіншіден,
педагогикалық жүйелерде субъектінің өзіндік дамуын ұйымдастыруға
қажетті басқарушылардың құзыреттіліктерін дамыту қажеттігі.
Осылайша, жобалау мақсаттары нақты орындалу уақыты мен
кеңістігіне «орналастырылғаннан» кейін (қайда және қашан, қалай
орындалады, оның нәтижесі не болып есептеледі, немен өлшенеді, т.б.)
міндеттері, мақсатқа жету қандай жолдармен, қандай міндеттерді орындау
арқылы мүмкін болатыны белгіленеді.
Жобалау негізіндегі қайта құрулардың мазмұны мен түрлерін анықтау
кезеңі – ненің өзгеретінін, ненің құрылатынын белгілеу кезеңі. Жобалау
құжаттарында (2 – кесте) өзгерістерді қамтамасыз етуге бағытталған нақты
іс.
Кесте 2. Жобалау құжаттарын қолдану үлгісі
Іс
–
әрекет
бағыттар
ы
Іс – әрекет
мазмұны
Орындау
базасы
Орындау-
шылар
Жүзеге
асыру
мерзімі
1
2
3
4
5
әрекеттер мен технологиялық әрекеттер, жаңа «өнімді» (мысалы, оқу
әдістемелік құралдар, технологиялық кешендер, құралдар мен әдістемелер)
тудыратын қызметтер,
институциялық құрылымдар, т.б. сипатталады. Оларды қолдануға қолайлы
болу үшін белгілі бір форматтар, кестелер жасалады.
Кез келген жобаның құрал ретіндегі тиімділігін бағалау (авторлық,
немесе сыртқы бағалау) үшін оның құжаттарына көңіл аударуды қажет
етеді.
Жобалау құжаттары
мақсаттарына сай түрлі деңгейлерде
жасалынады, мысалы, белгілі бір ұйым үшін маңызды проблеманы шешуді
жобалау, белгілі бір қаржылық ұсыныстарға жобалар даярлау, авторлық
жобалар, т.б.
Жобалау қызметі туралы құжаттар құрастыруды аяқтау үшін оның
шын мәнінде орындауға болатынын тексеру жолдарын белгілеу керек.
Жобалаудың құжат ретінде
аяқталғаны, толықтығы
жүзеге асырылып
жатқан үрдістердің дұрыстығын, аралық нәтижелері мен қорытындыларын
тексеру, бағалау өлшемдері берілген бөлімінің болуынан көрінеді.
Жобалаудың жақсы жасалғандығының тағы бір белгісі – оның
аяқталуының рәсімделуі
. Оның нәтижесінің қандай болғанына қарамастан,
аяқталуы барысында талдаулар жасалуы мен объективті бағалануы басқа
ұйымдар мен адамдар үшін маңызды болып есептеледі. Рәсімделіп
аяқталуына көңіл аудару жобалауға қатысушылар үшін де қажетті шара,
өйткені олар белгілі бір деңгейдегі жұмысты қорытындылап, таратылады.
Педагогикалық жобалауды ұйымдастырудың өзіндік талаптары
бар,
олар:
1.
Жүйелік көзқарастарға сәйкес, жүйенің белгілі бір бөлігін, немесе
оның бір компонентін жобалау көзделмейді, олар
біртұтас
құрылым
ретінде алына отырып, барлық кіші жүйелердің өзара
әрекеттесуін басқару жобаланады. Бұл жүйенің жалпы мақсаты мен
оған сәйкес барлық құрылымдардың тұтастығы негізінде күтілетін
нәтижені нақтылау, оның мазмұнын, құралдарын, әдіс - тәсілдерін
қамтитын мақсаттық - бағдарлы жобалау қызметі түрінде болады.
2.
Педагогикалық
жүйелерді
басқарудағы
инвариант
ретінде
қызметтік құрылымы сақталып, олар басқарудың дәстүрлі
қызметтерін атқару арқылы жүйенің тұрақтылығын, қызметтік
тәртіптердің орындалуын жүзеге асырады. Оның қосымша
міндеттері
жобалау
қызметін
қамтамасыз
ету:
талдау,
ұйымдастыру, жағдайлар туғызу, тапсырманың орындалу
мерзімі мен деңгейін белгілеу, қадағалау.
3.
Мақсаттық - бағдарлы жобалау қызметі жүйедегі
адам
ресурстарын
өзінің ықпал ететін объекті, немесе, нәтижеге қол
жеткізуге қажет құрал ретінде қарастырмайды, оны дамыту
нәтижесінде жалпы жүйенің дамуын қамтамасыз ете алатын
жобалау субъектісі ретінде алады. Жобалау қызметін жүзеге
асыру барлық деңгейлердегі жүйелерді басқарушылардың
педагогтардың жаңа құзіреттіліктерін қажет етеді. Соған орай,
жобалау
қызметімен
қатар,
міндетті
түрде
жүйені
басқарушылардың, педагогтардың құзыреттілігін дамыту сол ұйым
ішінде оқу мен тәжірибені ұштастыру арқылы жүргізілуі тиіс.
4.
Жобалауға қатысушы педагогтарды ынталандыру, олардың
жаңашылдықтары мен шығармашылығын қолдау, табысты болуға,
өз бетімен шешім қабылдауына қолдау көрсету, кәсіби өсуіне,
жоғары стандарттар деңгейінде жұмыс жасау жобалау қызметінің
басты құндылықтары. Жобалау қызметі жаңа идеялар мен
ұсыныстар тудыратын және ұжымның басқа мүшелеріне түрткі
болатын жүйенің ішіндегі
«белсенді топтар» құруды
қажет етеді
және олар уақытша жұмыс топтары ретінде болады.
5.
Жобалауға қатысушылардың – басқарушылардың, педагогтардың,
білім алушылардың
өзіндік білім алу мақсатын қоя алатын, өзінің
мүмкіндіктерін дамытатын
құзыреттіліктерін қалыптастыруға
мүмкіндік туғызылады.
6.
Педагогикалық жүйені басқарудағы жобалау қызметі қатаң
құрылымданбаған матрицалық, немесе желілік – матрицалық
болуын қажет етеді
Сонымен қатар, мақсаттық - бағдарлы жобаларды ұйымдастырудың
нарықтық жағдайдағы материалдық және қаржылық тиімділігін төмендегі
белгілері арқылы көрсетуге болады:
− жобалардың индикативтік сипаты
- әрбір жобаның орындалу
мерзімі мен көрсеткіштерінің жобалардың қажетті материалдық және
қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілуіне тікелей тәуелді болуы;
− бірнеше салалар мен түрлі деңгейлердегі жүйелерді қамтитын
күрделі және кешенді проблемаларды шешудегі
негізгі мақсаттар мен
міндеттердің жүйелі қойылуы
;
− түрлі деңгейлердегі жүйелерді дамыту проблемаларын шешуде
әдіснамалық және әдістемелік тұрғылардың бірлігі
қамтамасыз етілуі;
− аз мөлшерде бөлінетін материалдық және қаржылық ресурстарды ең
басты мақсатқа шоғырландыру
(білім берудің құзыреттілік нәтижелерін
қамтамасыз ететін түрлі деңгейлердегі педагогикалық жүйелерді дамыту
проблемаларын шешу, мысалы, басқарушылар мен педагогтарды дайындау,
ата – аналар мен қоғамдық ұйымдарды серіктестікке тарту, т.б.) мүмкіндігі;
− мақсаттық бағдарлы жобаларға бюджеттік қаржылармен қатар
түрліше
қосымша қаржы көздерін тарту
жағдайлары болуы, кейде
мақсаттық жобалардың перпективалық мазмұны жоғары бағалануы
нәтижесінде жүйені дамытуға қосымша қаржылық мүмкіндіктер (гранттар,
қолайлы кредиттер ) пайда болуы;
− педагогикалық жүйелерді дамытудың мақсаты мен міндеттерінің
нақты құрылуын тексеру, оларды жүзеге асыруда қаржы көздерінің
жұмсалуын бақылау үшін
қоғамдық сараптамалар
жасалуы.
Жобалау әдіснамасын құрастырушылардың бірі Джон Кристофер
Джонстың айтуынша, «жобалауды проблеманы шешу ретінде қарастыру
оның белгілі бір
status quo–
ны өзгертетінін ғана емес, өзіміздің жаңа
мүмкіндіктерімізді білу мен оған көзқарастарымызды өзгертуге
бағытталғанын түсіну».
Бұл өте маңызды тұжырым, өйткені, жобалау қызметі қалыптасқан
тәжірибені өзгертіп қана қоймайды, сонымен қатар,
жаңа құралдар,
технологиялар, жаңа құрылымдар жасауға
негіз болады. Ал, жаңаны
құрастыру қоршаған ортаны ғана емес, адамның өзін, оның айналаға
көзқарасын, өз ортасын өзгертуге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |