Дәрістер мазмұны бастауыш сынып оқушыларының жобалау әрекетін ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет75/335
Дата11.05.2022
өлшемі2,73 Mb.
#141889
түріБағдарламасы
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   335
Байланысты:
Д рістер мазм ны бастауыш сынып о ушыларыны жобалау рекетін й

ойлау қызметі
деуге болады. Мысалы: адамның өзінің
әрекеттерін басқаруда алға қойылған ойлау қызметі; бірлескен әрекеттерді 
орындауда өзге адамдарды тарту үшін олардың алдына қойылған ойлау 
қызметі; мәселенің шешілуіне ықпал ете алатын адамдардың алдына 
қойылған; ресурстық қамтамасыз ете алатын адамдардың алдына қойылған; 
жобалау нәтижелі болуына мүдделі адамдардың алдына қойылған, т.б.
Бұлардың барлығы да жобалаудың ойлау қызметімен байланысты 
екенін көрсететіндіктен, басқа адамдарға түсінікті құжат болуын талап етеді.
Оның 
негізгі белгілері
:
− мәселенің нақты және кешенді қойылуы; 
− күнделікті атқаратын қызметтен бөлек шектелуі; 
− айқын мақсаты болуы; 
− ресурстардың нақты жоспарлануы; 
− уақыттың (жобаның басталуы мен аяқталуын) дәл көрсетілуі; 
− ішкі ұйымдастырылу түрі белгіленуі; 


− кімге арналғаны белгіленуі; 
− нәтижелердің тиімділігін нақты тексеру өлшемдері болуы. 
Педагогикалық
 
жобалаудың заңдылықтарын қарастыруда
оның 
жүйелілік, синергетикалық қасиеттерін, жүйенің өмір
сүру және дамуы 
жағдайлары туралы түсініктерді ұғынуды қажет. Сондықтан, жобалаудың 
өзіне тән 
заңдылықтары мен принциптерінің 
анықталуы және сақталуы 
тиіс. Мысалы, Ю.А.Конаржевский ұсынған 
басқарудағы демократиялық 
пен ізгіліктік заңдылықтарын орындау 
түрлі деңгейдегі жүйелерді 
басқарушылардың, педагогтар мен білім алушылардың, ата - аналардың
белсенділіктерін жобалауда пайдалануға ықпал етеді. Бұл шешім 
қабылдауда, қатысушыларды таңдауда, қажетті ақпараттарды алуда,
педагогтардың ұйымдағы проблемалардан хабардар болуында аса 
маңызды.
Жобалау қызметіндегі ізгіліктік көзқарас – адамдардың бірлескен 
әрекеттерін ұйымдастыру, олардың өзін - өзі басқаруға жағдай туғызу болып 
табылады. Ізгіліктік құндылықтарына сүйене отырып басқару әр адамның 
өзіндік құндылығын, адами көқарастарын дамытуды көздейді. Сөйтіп, 
барлық деңгейлерде субъектаралық қарым -қатынастың орнығуына негіз 
болады.. 
Жобалау ұстанымдарын шетелдік және ресейлік ғалымдар түрліше 
анықтайды, мысалы
: Дж.К.Джонстың зерттеулерінде олар: дәстүрлілік пен 
жаңашылдықтың байланысы мен тепе теңдігін сақтау; ұйымның «жақын 
даму аймағында» жобалау; күтілетін нәтижелердің жобалаушы адамдарға 
қатыстылығы; алынған нәтижелердің ұйымда институциялануы, бекітілуі; 
белгілі бір әлеуметтік топтар проблемасын шешу мақсатына бағдарлылығы
болса, М.М.Поташник оларды жаңалықтық ұстанымы (мақсат, 
міндеттеріндегі, мазмұнындағы, ұйымдастыру тәсіліндегі, басқарудағы, т.б.), 
мақсатқа бағытттылық ұстанымы (белгілі бір нәтижені нақты жүзеге асыруға 
бағыталғандығы), жүйелілік принципі, сабақтастық ұстанымы, ғылымилық 
ұстанымы, технологиялылық ұстанымы, нақтылық ұстанымы, ресурстық 
қамтылу ұстанымы, оңтайлылық ұстанымы, қатысушылық ұстанымы деп 
қарастырады. 
Бұл пікірлер жобалау әрекетінде негізге алынатын ұстанымдарды 
құрайды. Біздің зерттеуіміз бойынша, педагогикалық жобалауды жүзеге 
асыруда 
жүйелілік пен тұтастық, синергетикалық, мақсаттық
-
 
бағдарлылық, технологиялық, құзыреттілік, нәтижелілік, кері 
байланыстық 
ұстанымдар жүйесін анықталды. 
Жүйелік пен тұтастық ұстанымы. 
Педагогикалық процестің 
жүйелік табиғатын басшылыққа алу оны тиімді ұйымдастырудың 
алғышарттарын құрауға негіз болады. Бұл педагогикалық процесті тұтас 
жүйе ретінде қарастырып, оның негізгі қасиеттеріне сүйенуге мүмкіндік 
береді. Жүйенің интегративті сапасы ескеріліп, бір компоненттегі 
өзгерістер басқа компонент, не тұтас жүйенің өзіне өзгеріс енгізе алады. 
Сөйтіп, 
жүйенің 
басқарудағы 
біртұтастық 
жүйенің 
барлық 
компоненттерінің дамуына, тұрақтануына, нығаюына ықпалы болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   335




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет