Клара Қабылғазина



Pdf көрінісі
бет91/115
Дата11.05.2022
өлшемі2,41 Mb.
#141932
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   115
Байланысты:
Тіршілік.pdf

Клара Қабылғазина
«Өйбу, мына келіннің жағдайы болмай қалыпты-ау» деп үйіне алып 
барды, той жайына қалды. Ертесіне ауруханаға түстім. Тұла бойы 
тұңғышым ұл бала болып дүниеге келді, үш күн жатып шетінеп кетті. 8 
айлық балаға әбден суық өткен, өкпесінен дем ала алмайды. Өте ауыр 
босанып, әрі дене қызуым қатты көтеріліп, орнымнан зорға тұрып 
баламның түрін көріп келдім. Мұрнына, аузына демалдыратын кис-
лород қойып қойған, өкпесіне суық тиіп туған. «Босанып, «ұл туды» 
дегенді ести салып әкеміз ауылдап кетіпті. Басқа келіп кеткен бір жан 
жоқ, Үшінші күні дәрігер келіп «баланы аман алып қала алмадық» деді, 
содан жылай-жылай қайта ауырдым. Баланы жерлеуге ауылға алып 
кетті, мен 10 күн жатып, үйге шықтым. Үй дегенім бірудің шошала-
сы, от жақсаң үсті ысиды, астыңғы жағынан жел уілдеп тұрады. Бар 
енемнің де, жоқ анамның да орнына Жұпар досым келіп, кәдімгідей 
сорпасын қайнатып, мені күткен болады. Соған әбден ризамын. 
Мәриям Танашева деген дос-курстас қыз келіп, палау пісіруді үйретті. 
Әжептеуір көтеріліп қалдым. Бір құдай өзі ғой мені алып келе жатқан. 
Тәуба, шүкір, шүкір... Бір жығылып, бір сүрініп, бір қуанып, бір жылап, 
әйтеуір бір жақсылықтың алдымнан шығарына сеніп күн кеше бердім. 
* Бір жылдан соң ана атандым. Арайлап атқан таңым, шапағым 
Арайым өмірге келді көктемде. Жаңа туған балаға киім іздеп, ақылшы 
боп Ғалия барады ғой дүкенге, сөйтсе 1-2 жастағылар киетін әдемі, 
шілтерлі көйлектер алғызыпты. Қайдан білсін... 
«Өте тәрбиелі қыз өсіріпсің» дейді ел-жұрт, соған мың шүкір! Қы-
зым қазір де С. Асфендияров атындағы медициналық университеттің 
до центі, ғылым кандидаты. Күйеу балам – Серігім де адамшылығы 
жоға ры азамат. Ол да ғылым кандидаты, хирург. Москвадан алған 
білімді. Тұңғыштары Жәмиланы 8-ні үздік бітіргені үшін Европаның 
бес мем лекетін аралатып келгенмін. Қазір С. Асфендияров атындағы 
меди ци налық университеттің стоматология факультетінің 5-курсында 
оқиды, мемлекеттік грант иесі, болашақ пластикалық хирург. Ассоль 
да (орыстың А. Грин деген жазушысының «Алқызыл желкендер» де-
ген атақты шығармасының Ассоль деген сұлу да нәзік жанды кейіпкері 
бар ғой, соны пір тұтқан әкесі Серік солай қойған атын), әл-Фараби 
атындағы Қазақ ұлттық университеті, медицина факультетінің жалпы 
медицинасына 1-курсқа грантқа түсті, болашақ хирург. Шыңғысы да 
мектепте жақсы оқиды. Құдайым тіл-көзден сақтай гөр, жап-жақсы 
отбасы болып отыр, әйтеуір... 
* Қызым 2-ге толғанда ұлым Абзалым дүниеге келді. Қара баламның 
қызметі қалалық юстицияның бастығына дейін көтерілген еді, қазір 


187
Тіршілік
жай қызмет істеп жүр. Қызы Әмина менің кішкентай кезімдегі түріме 
ұқсайды, әп-әдемі өзі... жақсы оқиды. Биыл мектеп бітіріп, болашақта 
технолог болмақ, Құдайым дегеніне жеткізсін... Әмір болса сырт 
пішіні нағашы атасына тартып кеткен сияқты. Мінезі де шырт-пырт 
бола қалады. Өзі жеті айлық туып, қолға зорға ұстап, шомылдыратын-
мын... Содан ба әйтеуір, соған бүйрегім қатты бұрып тұрады... Шыңғыс 
екеуі бір сыныпта оқиды, бір-бірін бауыр тұтып, қол ұшын созып 
жүретіндеріне шүкіршілік етемін... Әйтеуір, кімге тартса да солардың 
қызықтарын көрсетсе екен, Аллаһ! Келінім – Ләззат банкте қызметте. 
* Асқатым өмірге келгеннен бастап аурушаң болды. Талып, 
ауруханаға қайта-қайта түстік. Сондай сұлу бала боп туды. Көз тиді 
ме қайдам? Сол үшін көп жыладым. Алла-тағалам тілегімді беріп, 
өмірін қиды маған. Тым еркелетіп жібердім бе, білмеймін, мектеп-
те де бұзықтықты көп жасады. Бірақ, тамаша ұйымдастырушы бол-
ды. Балаларды сенбілікке мұғалім ұйымдастыра алмай жатқанда, 
ол ұйымдастырып жіберетін. Ақша ауысып, ел аштықтың алдында 
қалғанда, қысылып кеткен кезде бір титтәй дүңгіршек ашып, қосымша 
табыс тауып, күн көргенбіз. Дүңгіршекті кешке қарай тексеріп кетейін 
деп келсем, ол жерде мектеп директорының орынбасары отыр. Сасып 
қалдым. «Апыр-ай, неғып отырсыз бұл жерде?»-десем «Асқат мені 
түнгі сатушы ғып жұмысқа алды» (Асқат онда 10-сыныпта оқиды) 
дейді. Не күлерімді, не жыларымды білмей қалдым. «Жақсы, жақсы» 
дей бердім. Оқушысы оқытушысын жұмысқа алғанды кім көрген?! 
Міне, ол баламның ойлау қабілеті де, пысықтығы да керемет болды. 
Инженерлік білімділігі де мықты. Техника дегенді шашып тастап, ор-
нына қоя салады. Алайда, сол ақылды өз арнасына бағыттай алмады 
да ол отыздан асқанша талай күйіндім, талай жыладым. Өзінің диагно-
зы да қауіпті болып, кейін тәуір болды. Әйтеуір, Жаратқан иемнен тек 
өмірін сұраймын. Қазір әйелі, балалары бар. Тұңғышы Айсұлтанның 
есімін өзім қойғанмын. Айымы мен Даянасы да өсіп келе жатыр. 
Келінім Лина ұлты орыс болғанымен қазақша сөйлейді, ұлттық салт-
дәстүрді меңгеріп қалды. 
* Кенжем Айбек біздер сияқты гуманитарлық емес, жаратылы-
стану ғылымына бейім. 40-қа келгенде тапқан балама ағайындар 
«Қырықбай» деп қосымша ат қойған. Мектепті 110 баллмен бітіріп
мемлекеттік грант иегері болды. Математик, компьютерлік модель-
деу маманы. Дипломын алып, қызметін шетелдік фирмада істеп жүр. 
Үйленген, Ануар атты батыры бар, Аллам амандық берсін! Келінім Ме-
руерт бизнесте. 


188


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет