181
Тіршілік
Кей кездері мұғалімдердің орындарына сабақ та жүргізіп кететінмін.
Менің педагогикаға деген ынтам сол кезден басталды. Интернаттың
жоғары сыныбының оқушыларымен өз құрбы- құрдастарымдай ара-
ласып кеттім. Әнуарбек деген жігіт баянда ойнайды, бәріміз қосылып
ән саламыз. «Меңдіқыз-ау, Меңдіқыз! Айырылмаймыз енді біз»,
-деген
ән жолдары есімде қалып қойыпты.
Сол жылдың жазында неге екенін білмеймін, медициналық
институтқа қайта барғым келмей, Қазақ мемлекеттік университетінің
журналистика факультетіне оқуға түстім. Студент атанып, шар тарап-
тан келген 50 қыз бен жігіттің арасындағы жаңа өмір басталды да кетті.
Біреумен біреудің ісі жоқ суықбауыр қала тірлігі. Осынау беймәлім
алып шаһарда бір таныс, бір туысқан ешкім жоқ. Яғни, құласаң
қол
ұшын берер, демеу жасар пенде табылмайды. «Берік бол, Кла-
ра, мойыма, алға жүр» деп өзіме-өзім дем бердім. Жоқшылықтың,
жалғыздықтың машаһатын көру сол кездерден басталып та кетті-ау...
Өйткені, өгей ананың әсерінен болар әкемнен келетін көмек те азайды.
* Студенттік шақтың өз қызығы өзінде. Сол шақты көрген де ар-
манда, көрмеген де арманда. Күйкі тірлік, жағымсыз ойлар аулақта
қалып, аудиторияға кірген соң басқа бір әлемге тап келесің... Ғибраты
мол, айтары, берері бар, небір ғұлама-ұстаздарды көрудің өзі бір
ғанибет. Мысалы, Кеңес Одағының Батыры, фольклоршы ғалым
Мәлік Ғабдуллин ағаның жарқын бейнесі көз алдымда. Сабағын да
қалжыңдап, әзілге айналдырып өткізетін:
«Қобыланды батыр» жырындағы қыз Құртқа:»
Биік шыңның
басына ілінген жаулығымды кім атып түсірсе, соған тұрмысқа
шығамын», – депті. Жан-жақтан, әр тараптан, сан алуан, әр қайсысы
өз мықтылығымен ерекшеленген батырлар жиналыпты. Бір уақытта
Қобыланды батыр келіп: «Кто крайний?» деп сұрапты да, кезекке
тұра қалыпты. Үстінде темір сауыты,
қолында қылышы бар батырдың
орысша сөйлеп тұрғанын елестетіп алып, ал күлетінбіз. Сонан соң
ол кісінің тағы бір ерекшелігі – аудиториядағы 50 студенттің бәрін
есімімен атайтын. «Әй, Асқанбай, осы сен мұрт қойшы, сонда Сәкен
Сейфуллинге ұқсап қаласың» деуші еді.
Бірде ескі алаңдағы Бас корпустың 2-қабатындағы аудитория-
да сабақ өтіп жатқанбыз. Лектор – марқұм Әбілфайыз Ыдырысов
ағай. Кенет алдыңғы жақта-отырған екі қыздың бірі жел шығарып-
ақ қойғаны.
Кейбіреулер мұрнын басып, кейбіреулер не болғанын
түсінбей қалдық.