125
Қорытынды
Жаңартылған білім мазмұны аясында критериалды бағалау жүйесі
қолданылуда. Критериалды бағалау жүйесін жүзеге
асыруда жиынтық
бағалаудың тапсырмаларын дұрыс құрастыруға баса назар аударылуы тиіс.
Осыған орай Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
«Жиынтық бағалау бойынша жалпы орта деңгейге
арналған тапсырмалар
жинағы» құралын әзірледі.
Жинақтың:
- бірінші тарауында жиынтық бағалаудың принциптері;
- екінші тарауында білім алушылардың оқудағы жетістіктерін жиынтық
бағалау бойынша тапсырмаларды әзірлеуге ұсынымдар;
- үшінші тарауда жоғары сынып оқу пәндерінен
білім алушылардың
оқудағы жетістіктерін жиынтық бағалау бойынша тапсырмалардың үлгілері
берілген. Әдістемелік ұсынымдар «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті», «Орыс тілі
және әдебиеті», «Ағылшын тілі», «Алгебра және анализ бастамалары»,
«Геометрия»,
«Информатика»,
«Физика»,
«Химия»,
«Биология»,
«География», «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы», «Құқық негіздері»
оқу пәндерінен жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарына (ҚГБ,
ЖМБ) арналған білім алушылардың оқудағы жетістіктерін жиынтық бағалау
тапсырмаларының үлгілерін қамтиды.
Тапсырмалар жинағы МЖМБС және пәндер бойынша оқу
бағдарламаларының
талаптарына сәйкес қазақ, орыс, ұйғыр, өзбек, тәжік
тілдерінде әзірленген. Сондай-ақ, пән мұғалімдерінің тәжірибесінен алынған
жиынтық бағалау тапсырмалары үлгі ретінде ұсынылған.
Аталған құрал білім алушының оқу жетістіктерінің
деңгейін анықтау
үшін жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыруда мектеп мұғалімдеріне
әдістемелік көмек ретінде ұсынылады.
Әрбір пәннің ерекшелігіне сәйкес жиынтық
бағалау тапсырмаларын
құрастыруда ескерілетін әдістемелік ұсынымдармен танысу үшін және
мұғалімге тиісті көмек беруге дайын болу мақсатында әдістемелік құралды
мектеп басшысының оқу ісі жөніндегі орынбасары, пәндік әдіс бірлестігінің
жетекшісі пайдалануына болады.
Достарыңызбен бөлісу: