Клиникалық көрінісі . Бет, дене және аяқ-қолдарының
терісіндегі экскориациямен жүретін қышынумен қоса көптеген
жайылған эритематозды-сквамозды, папуло-везикулезді және
уртикарлы-розеолезді бөртпелер болады
(117-сурет) . Аяқ-
қолдың жазғыш бетінде көп мөлшерде тез серозды қабыршақпен
жабылатын папуло-везикулезді элементтер көрінеді. Көптеген
балаларда рационынан аллергияны шақырған тағамды алып
тастағаннан кейін қышыма жоғалады, бірақ кейде пруригинозды
экзема немесе атопиялық дерматитке айналады. Торпидті ағым
мен балалар қышымасының ересек түріне айналуының бастапқы
белгілері болып ақ дермографизм, табандық рефлекстің жоғалып,