0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет4/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ


 
АЛҒЫ СӨЗ 
Елдеев Ерболат Тынымбайұлы 
Қызылорда қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі 
 
Бүгінгі таңда тарихымызды таразылап, рухани болмысымызды айқындауға 
жол ашылып отыр. Ұлт көшбасшысы, тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев 
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Әлем бізді қара 
алтынмен немесе сыртқы саясаттағы ірі бастамаларымызбен ғана емес, мәдени 
жетістіктерімізбен де тануы керек...» - деп баса айтқан болатын. Мәдени 
жетістіктің айқын көрінісі – тіліміз мен әдебиетіміз. Осы орайда ұлты үшін 
жанкешті еңбек еткен алаш зиялылары туралы сөз етпеу жөнсіз деп ойлаймын. 
Тәуелсіз мемлекет құруды көздеген алаш зиялылары ұлттық бірегейлікті сақтап 
қалуды мақсат етті. ХХ ғасырдың басындағы ұлт көсемдерінің мақсаттары мен 
бүгінгі таңдағы даму бағдарымыздағы сабақтастық, Президентіміздің ұлттық салт-
дәстүр, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда, 
ұлттық рухымызды бойымызда мәңгі қалуға шақырған елдің ертеңін терең 
зерделеген сарабдал саясаты ұлт зиялыларының ғылыми мұрасын қайта зерттеуді, 
түпнегізінде пайымдауды қажет етіп отыр.
Мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті ғалым, қазақ тіл білімінің негізін 
қалаушы, әдебиет зерттеуші, түркітанушы, ақын, публицист, педагог, аудармашы 
А.Байтұрсынұлының 
еңбектері 
ешқашан 
тарихи 
маңызын 
жоймайды. 
Жиырмасыншы ғасыр басында ел мүддесі үшін күрескен тұлғаны замандастары 
«қазақ халқының рухани көсемі», «ұлтымыздың ар-ожданы» деп ұлықтап, есімін 
тура атамай, «қазақтың Ахаңы» деп дәріптеген. Қазақ ұлтының ғана емес, бүкіл 
түркі жұртының мақтанышына айналған Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық 
мұрасына ғылыми тұрғыдан зерттеу жүргізу – ұлт тіліне мәртебе алған тарихи 
кезеңмен тұспа-тұс, бірге келді. А.Байтұрсынұлының 50 жылдық мерейтойында 
замандасы, рухани інісі М. Әуезов: «...қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, 
өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайратын біз ұмытсақ та, тарих 
ұмытпайды. Ахаңның қызметі қазақтың ұзын-ырға тарихымен жалғасып кететін 
қызмет. Істеген ісімен өзіне орнатылған ескерткіші – мәңгілік ескерткіш» деген 
екен. Заманымыздың заңғар жазушысын көреген, тіпті көріпкел ме дерсіз! Ал биыл 
Ұлт ұстазының 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде атап өтілуде.
Ғалым еңбектерін жаңаша зерттеу, идеяларын толыққанды саралау еліміз 
тәуелсіздік алғаннан кейін ғана мүмкін болып отыр. Тоқырау жылдары А. 
Байтұрсынұлының еңбегін бағаламақ түгілі, инициалдарының алғашқы әріптерін 
бергені үшін ғалымдарымыз қудалауға түсіп, еңбектері туралып кеткен. Алаш 
зиялыларының еңбектерін жинақтап, жүйелі түрде зерттеуге тәуелсіздігіміздің, 
ұлттық дербестігіміздің арқасында қол жеткізіп отырмыз. Бұл бағыттағы ізденістер 
алдағы уақытта да жалғасын тауып, ғалым мұрасы ел игілігіне айналмақ. Осы 
орайда қала көлеміндегі орта білім беру саласы ұстаздарының еңбектерін саралап, 
тәжірибе алмасу мақсатында жинақтап, жүйелеуді жөн көрдік. 
Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұрасы ұлттық санамызды кемелдендіру 
жолындағы рухани азық болары сөзсіз . 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет