5 біртуар азаматы туралы зерттеу, жүйелеу, насихаттау – біздің қасиетті
борышымыз.
Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ мәдениетінің тарихында үлкен бір дәуірді
алып жатқан алып тұлға. Ол – Құдай берген талантын туған халқына деген
сүйіспеншілікпен суғарып, толассыз еңбекпен шыңдаған қайсар да қаһарман
ғалым. Ол – қараңғылық тұңғиығынан жарық жұлдыздай жарқырап шығып,
айналасына нұр, шуақ себумен өткен ағартушы. Не оқыту жүйесі, не өзіндік
жазуы қалыптаса қоймаған, мал соңына ерген, малмен бірге ұйықтап, малмен
бірге жусаған қалың ұйқыдағы халқының қамын жеп, сауатын ашпақ боп
сары масадай ызыңдаған үлкен ақын, талантты тілші, шебер аудармашы,
түркі тілдес халықтар үлгі тұтқан түрколог, қоғам ісіне араласқан мемлекет
қайраткері. Бұл санамалап отырған атақ, дәреже, лауазымдардың өзінен өзі
келмегені мәлім. Ол талмай ізденіп, тамаша туындылар берген. Өмірдегі
басты мақсатын – туған халқына қызмет ету деп түсінген Ахаң (Ахмет
Байтұрсынұлы) – небір тар жол, тайғақ кешулерден өте келе тамаша
еңбегімен қазақ халқының ары мен ұятына айналған өте күрделі де, көсем
тұлға. Ол бүкіл саналы өмірін қазақ қоғамында білім-ғылымның дамуына,
ағартушылық ісінің жанданып кемелденуіне бағыштады. Ол оқу-тәрбие
жұмысын жетілдіру саласында өзіндік өшпес ізін қалдыра білді. “Әліпби”,
“Тіл құралы”, “Әдебиет танытқыш” т.б. оқу құралдарын жазып, қазақ тілі
мен әдебиетін оқытудың әдістемелік мәселелерін зерттеу ісімен айналысты.
Қазақ тілінің табиғаты, өзгешеліктері, араб алфавитін жетілдіру, терминдер
туралы ғылыми өресі биік еңбектер жазды. Оның 1926 жылы Баку қаласында
өткен түркологтардың Бүкілодақтық І съезіне қатысып, араб, түркі тілдері
мен сол тілдерде қолданылатын әліпбилер туралы баяндама жасауы, бірнеше
комиссияның
жұмысын
басқаруы,
Қазақстан
Оқу-ағарту
халық
комиссариатындағы, баспа ісін басқарудағы жұмыстары оның қоғамдық,
мәдени-ағартушылық, ғалымдық қызметінің алуан арналы қомақтылығын
танытады.
А.Байтұрсынов өзінің ұстазы ұлы Абай салған жолмен орыс әдебиетінің
мысалшыл классигі И.А.Крыловтың туындыларын аударып, “Қырық мысал”
деген атпен 1909 жылы Петерборда бастырып шығарып, оқулық ретінде
ұсынды. Ахмет Крылов мысалдарын аударуда да белгілі ағартушылық
мақсат көздеді. Ол қазақ халқының әлеуметтік өміріне, тұрмыс-тіршілігіне
сай
келетін,
надандығын,
жалқаулығын,
алтыбақан
алауыздығын
әшкерелейтін мысалдарды таңдап, талғап аударды.
Ұлттық мүдде ұраншысы, оқу-ағарту ісінің көшбасшысы Ахмет
Байтұрсыновтың тәлім-тәрбиелік тағылымын әр қырынан таныту, оқу-тәрбие
үрдісінде пайдаланудың жолдарын іздестіру, ұрпақ тәрбиесінде ұлт
жұмысын ұлғайту мақсатындағы ұлы істерін үлгі әрі тағлым ету болашақта
да ары қарай жалғасын таба беретін мәңгілік мұрат. Ахмет Байтұрсынов