4 АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ – ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМЫНЫҢ КӨШБАСШЫСЫ Шарапатов Ғабидулла Абдрайымұлы Н.Ахмадеева атындағы №112 орта мектебінің директоры Ұлт көшбасшысы, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің
«Тарих толқынында» атты туындысында ХХ ғасырдың басында ұлттық
бірлікті нығайту идеясын алға тартқан рухани-зерделі игі жақсылар қазақтың
ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алғанын атап өткен еді.
Сондықтан алаш зиялыларының еңбектерін жаңа заман тұрғысынан қайта
зерттеп, жасампаз идеяларын болашақ ұрпақтың санасына сіңіру жастардың
бойында қазақстандық патриотизм қалыптастыруға негіз болары сөзсіз.
Еліміздің егемендік алуымен байланысты «патриотизм», «ұлттық
патриотизм», «қазақ патриотизмi» және «Қазақстандық патриотизм»
ұғымдары жаңа санатқа ие болып, қайта қолданысқа енді. Ұлт бар жерде,
ұлттық патриотизм бар. Қазақ халқының жер бетiнен жойылмай сақталуы да
халықтың ұлттық рухының жоғары болуында, яғни бұл тарихи шындық
екені ақиқат. Осы орайда тұңғыш Президент бастамасымен ұсынылған
«Мәңгілік Ел» идеясын оқу-тәрбие үрдісінде басты назарда ұстаған жөн.
«Мәңгілік ел» ұлттық иедясы - бұл барлық қазақстандықтарды біріктіретін
жалпыұлттық құндылықтар және еліміздің болашағының іргетасы. «Мәңгілік
Ел» идеясын білім беру мен тәрбиелеуде іске асыру тетіктері көрсетілген.
Жалпыұлттық
идеяның
миссиясы
мен
құндылықтары
оқу-тәрбие
жұмысының барлық түрлері арқылы кешенді түрде жүзеге асырылады. Білім
беру үдерісін ұйымдастырудың басты ерекшелігі білім беру мен тәрбиенің
бірлігі болып табылады. «Мәңгілік Ел» идеясын білім беру мен тәрбиелеуде
іске асыру тетіктеріне білім беру құндылықтарын, қазақстандық патриотизм
және азаматтық жауапкершілікті, ашықтық пен ынтымақтастықты
қалыптастыру, өмір бойы білім алу және т.б. жатады.
Қазақстан халқын біріктіретін «Мәңгілік Ел», «Қазақстан – ортақ
мекеніміз», «Қазақстан – менің Отаным» жалпыұлттық идеяларын жүзеге
асыруда білім беру мекемелерінің рөлі аса маңызды болып табылады.
Н.Ахмадеева атындағы №112 орта мектеп ұжымы «Мәңгілік Ел»
жалпыұлттық идеясының жүзеге асырылуында «Құндылыққа негізделген
мектеп» жобасы мазмұнын интеграциялау арқылы белсенді жұмыс жасауда.
Осы тұрғыда жас буынға Отансүйгіштік, патриоттық тәрбие беруде
мектебімізде жүргізіліп жатқан әртүрлі форматтағы инновациялық
патриоттық сабақтар сериясы, тәрбиелік шаралар, әскери-патриоттық
кештер, спорттық жарыстар жүйелі жүргізілуде. «Атаулы күндер, айтулы
тұлғалар» жобасы аясында тарихтағы өзіндік орны бар ұлы тұлғалар өмірі
мен шығармаларын өнеге етру, атаулы күндерді атап өту мектеп өмірінің
дәстүріне айналған. ЮНЕСКО көлемінде тойланып жатқан Ұлт ұстазы Ахмет
Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы қарсаңында қазақ халқынының