75 жылға дейін пайдаланып келді. Оқулықтың тағы бір құндылығы- қазақ тілі
грамматикасының басты салалары – фонетика- дыбыс туралы ғылым,
морфология- сөз құрамын зерттейтін ғылым, ал синтаксис- сөйлем
құрылысын зерттейтін ғылым деп, тұңғыш рет қазақ тіл білімін ғылыми
зердемен саралап берді. Ол қолданбалы грамматиканы да жазып, «Тіл
жұмсар» деген атпен 1928 жылы екі бөлімді кітап етіп біздің Қызылорда
қаласында басып шығарды.
Бұрынғы қадім жазуы бойынша әр әріптің
таңбасы сөз басында, сөз ортасында, сөз соңында біртүрлі болып белгіленген.
Бас әріп, кіші әріп таңбасы болған, сөйтіп, 28 әріптің 145-150 таңбасы бар еді.
Ал ол баланың тез оқуына, әріп тануына үлкен кедергі еді. Ахмет
Байтұрсынов осы әріп таңбаларын 56-ға түсіріп, жеңілдетті. Бұдан қазақ
балалары тез әріп танып, жылдам оқып, жаза алатын болды. Сондай-ақ,
Ахмет Байтұрсынов 1926 жылы «Әліпбидің» жаңа суретті түрін кітап етіп,
қайта бастырып шығарды. Бұл «Әліпбидің» мазмұны қазақ жағдайына қарай
өте тиімді болып шықты. Әңгімелері балалар үшін қызық , жеңіл болды. Бұл
«Әліпбидің» тағы бір ерекшелігі қазақтың ежелгі ауыз әдебиеті үлгілері, төрт
түлік туралы өлең-жыр, жұмбақ, мақал-мәтел, аңыз-әңгімелер үзінділерін әр
әріпті өтуге байланысты орынды пайдалануы және олардың тәлімдік те,
танымдық та маңызы зор еді. Ахмет Байтұрсынов балаларға әріпті үйрету
арқылы, оқу-жазуға баулу арқылы өзінің шығармалары арқылы қазақтың
салт-дәстүрін, батырлар жырын, мақал-мәтелдерін де қоса дәріптеп отырды.
Мұндай керемет байланыстыруды шеберліктің бір түрі деп есептеймін.
Биылғы 2021-2022 оқу жылында «Әліппе» оқулығын мектеп
бағдарламасына енгізуі де жайдан жай емес. Ахмет Байтұрсыновтың салып
кеткен сара жолы балаларға ең түсінікті, ең тиімді болғандықтан қайта қолға
алынды. Ахмет Байтұрсынов оқытудың білімдік-танымдық жағымен бірге,
тәрбиелік жағын да қоса алып жүргендігін жоғарыда айтып кеткен
болатынмын. Ол қазақ балалары бірінші сауаттанып, одан кейін тарихын,
дінін білсін демеді. Ақын оқыта отырып, тәрбиелей де алу керек немесе
тәрбиелік мәні бар шығармаларды оқыта, талдата отырып, білімге құштар
етуге болады деді. Ол «Әдебиет танытқыш» атты оқулығында көркемсөз
өнерімен қатар көркемөнерді (Искусствоны) беске бөліп көрсетті. Біріншісі-
сәулет өнері, екіншісі- сымбат өнері, үшіншісі- кескін өнері, төртіншісі- әуез
өнері, бесіншісі ең бастысы- сөз өнері деп бөліп-бөліп талдап берді.
«Әдебиет танытқыш» еңбегі 1926 жылы Ташкент қаласында басылып
шықты. Бұл кітабы екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде көркем әдебиеттің
бейнелеу құралдары мен әдіс-тәсілдері талданса, екінші бөлімде әдеби жанр
түрлері жайлы жазылған. Ахмет Байтұрсынов Иван Андреевич
Крылов туындыларын аударып «Қырық мысал» деген атпен 1909 жылы
Петербургтен бастырып шығарды. Аудармада мін жоқ, мүдірмей, тұтықпай,
есіліп-төгіліп, еркін айтылып тұр. Қазіргі балалардың оқып жүрген
«Қайырымды түлкі», «Ала қойлар», «Үлес», «Қартайған арыстан», «Өгіз бен
бақа», «Қайыршы мен Қыдыр», «Ат пен есек», мысалдарында жақсы мен
жаманды, адам мен наданды бөліп, астарлап, баланың ойына ауыр