НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет102/293
Дата14.05.2022
өлшемі3,95 Mb.
#143242
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   293
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Өнер: классиктер мен жаңашылдар 
Ел экономикасы сауығуының алғашқы белгілері байқалған кезден бастап, 
мемлекет ұлттық мәдениетті қолдауға тырысты. 1997 жылы мен Үкіметке 


ҰЛЫ БЕТБҰРЫС. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫНЫҢ БАСТАЛУЫ
163
алдағы үш жылға (1998–2000 жылдар) жоспарланған арнайы мемлекеттік 
бағдарлама дайындауды тапсырдым. Сөйтіп, мемлекет дағдарыстың бар 
ауыртпалығын бастан өткерген Қазақстан мәдениетін дамытуға көмектесіп, 
өнердің сан ғасырлық дәстүрімен сусындаған классикалық, сонымен бірге 
жаңашыл үрдістердің өмір сүріп, жетілуіне ықпал етті. 
Абай атындағы Академиялық опера және балет театрының сахна-
сында ұлттық және әлемдік классика туындылары ғана емес, тың шығар-
машылық ізденістерге құрылған тәжірибелік қойылымдар да табыспен өтті. 
1998 жылы бүкіл әлем опера өнерінің 400 жылдығын атап өтіп жатқанда, 
респуб ликамыздағы өнердің қара шаңырағында Халықаралық опера фе-
стивалі өтті. 
Қазақ академиялық драма театрының репертуарынан Мұхтар Әуезов-
тің, сондай-ақ Зейін Шашкин, Ғабит Мүсірепов, Сәбит Мұқанов, Қалтай 
Мұхамеджанов, Әкім Тарази, Қуандық Шаңғытбаевтың пьесалары бойын-
ша қойылған спектакльдер лайықты орнын алды. 
Еліміздің театр өнерінің дамуына Лермонтов атындағы Орыс академия-
лық драма театры, Неміс ұлттық театры, Ұйғыр музыкалық-драма театры, 
тағы басқа театрлар да көп үлес қосты. Қаражат тапшылығына қарамастан, 
облыстық ұжымдар, соның ішінде еліміздегі танымал театрларының бірі – 
Қарағанды музыкалық комедия театры өнерге деген адалдығынан танбай, 
мәдени қызметін жалғастыра берді. Құрманғазы атындағы академиялық 
халық аспаптары оркестрі, «Гүлдер» эстрадалық ансамблі, «Отырар сазы» 
фольклорлық-этнографиялық халық аспаптары оркестрі тыңдаушыларына 
рухани қуаныш сыйлап, үлкен шеберлік биігінен көріне білді. 
Осы жылдардағы ұлттық әдебиетіміз де жемісті болды: Әбдіжәміл Нұр-
пейісовтің «Соңғы парыз» дилогиясы, Әбіш Кекілбаевтың «Абылайхан» 
атты тарихи-публицистикалық драмасы, Шерхан Мұртазаның «Ай мен 
Айша» романы, Дулат Исабековтің повестер жинағы мен «Ай-Петри ақиқа-
ты» атты әңгімелер жинағы, Әзілхан Нұршайықовтың «Жазушы және оның 
дос тары» атты әдеби күнделігі жарық көрді. Белгілі қазақстандық жазушы-
лар Дмитрий Снегин, Морис Симашко, Герольд Бельгер «Бейбітшілік және 
рухани келісім» президенттік марапатының лауреаттары атанды. Орыс 
тілінде жазатын отандық авторлардың кітаптары да елдің әдеби өміріндегі 
елеулі құбылыс болды. 
Өткен онжылдықтың соңында «жаңа толқын» ретінде мойындалған Қа-
зақстанның ұлттық кинематографиясы бұрынғы шығармашылық биігінен 
табылып, фестивальдық жүлделерге ие боп жатты. Дәрежан Өмірбаев-
тың 1998 жылы шыққан «Киллер» атты қылмыстық драмасы бірнеше ха-
лықаралық жүлделерді иеленді, Канндағы дүниежүзілік кинофестивальда 


164
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
«Ерекше көзқарас» номинациясы бойынша үздік фильм ретінде танылды. 
1999 жылы Абай Қарпықовтың «Фара» фильмінде басты рөлді сомдаған 
қазақстандық кино актер Фархат Абдраимов актерлік шеберлігі үшін ХХI 
Мәскеу халықаралық кинофестивалінде «Күміс Әулие Георгий» жүлдесімен 
марапатталды. 1998 жылы Алматыда алғаш рет Халықаралық «Еуразия» 
кинофестивалі өтіп, бірден-ақ келешегі зор қазақстандық жобалардың бірі 
ретінде танылды. 
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы экономикалық қиындықтарға 
қарамастан, қазақстандық мәдениет өзіне тән даралығы мен бірегейлі-
гін сақтап қалды деп бүгінгі күні сеніммен айта аламыз. Соның арқасында, 
еліміз әлемдік мәдени үдерістен тыс қалмай, өнер әлемінде өз өрнегін салды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет