НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет104/293
Дата14.05.2022
өлшемі3,95 Mb.
#143242
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   293
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

7. 
КӨПКЕ
 
МӘЛІМ
 
КӨПВЕКТОРЛЫҒЫМЫЗ
ҚАЗАҚСТАН
 
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
 
СЫРТҚЫ
 
САЯСАТЫ
 
Сыртқы саясат: Қазақстан беделін арттырған бағдар
Қ
азақстанның халықаралық аренадағы жетістіктері, аз уақыт ішінде үлкен 
беделге ие болуы – тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап дәйекті 
түрде жүргізіліп келе жатқан сыртқы саясатының арқасында жүзеге асты.
Сол жылдары жас мемлекетіміз жаһандық әлемдік үдерістерді түсінуде 
таяздық танытып, сыртқы саясаттың тек жекелеген бағыттарына назар аударса 
және жергілікті мәселелерді шешумен ғана шектелген болса – біз өзіміздің 
ұлттық мүдделерімізді қорғай алмай, әлемдік саясаттан тысқары қалар едік.
Алайда біз кең ауқымды және көпсалалы серіктестік стратегиясын 
таңдап, мұндай жағдайға жол берген жоқпыз. 
Менің ойымша, Қазақстанның сыртқы саясатының өзегі – көпвектор-
лылық, яғни дәл өзіміз сияқты тең құқылы, конструктивті, жемісті және өз-
ара тиімді диалогқа ынталы елдердің бәрімен өзара іс-қимыл серіктестігіне 
ұмтылу. Қазақстан заманауи, мықты, өзін қорғай алатын мемлекет болуы 
тиіс деп есептеймін. Ал халықаралық істерде жау іздеген ел емес, дос та-
буға ұмтылған ел үлкен жеңіске жетеді. Мен осы қағиданы берік ұстанам 
және осы бағытымнан ешқашан айныған емеспін. 
Республиканың көрші елдермен достық қарым-қатынаста болуы және 
әлемнің жетекші елдерімен тығыз, тең құқылыққа негізделген ынтымақтас-
тықтың маңыздылығы жөнінде мен бірнеше рет жария түрде айтқан бо-
латынмын. Біз еліміздің болашағы – Қазақстанның Қытай, Ресей және мұ-
сылман әлемі арасындағы экономикалық және мәдени байланыстырушы 
буын ретіндегі міндетін қалай орындайтынына байланысты екенін ылғи да 
айтып келеміз.
Егер 1990-шы жылдардың басында әлемдік қауымдастық елімізге де, 
еліміздің ұстанған бағыт-бағдарына да айтарлықтай көңіл қоймаған бол-
са, ғасырлар тоғысында бұл көзқарас түбегейлі өзгерді. Халықаралық 
ауқымдағы қандай да бір мәселелер талқыланған басқосуларда халықара-
лық үдерістердің тамырын тап басып, мәселенің байыбына терең бойлай-
тын Қазақстанның пікірі айрықша назарға алынатын болды. 


ҰЛЫ БЕТБҰРЫС. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫНЫҢ БАСТАЛУЫ
167
Қазақстанның халықаралық бастамалары қағазда ғана қалып қоймай, 
бүкіл әлемдік қауымдастықтың қолдауына ие болуы – осының айқын мы-
салы. 1990-шы жылдары біздің бастамамызбен жасалған дүниежүзілік және 
өңірлік сипаттағы ұсыныстар келесі онжылдықта-ақ жүзеге асырыла бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет