Қазақстан және халықаралық ұйымдар 1995 жылдың 12 желтоқсанында Қазақстан Ислам конференциясы
Ұйымы ның (ИКҰ) тең құқылы мүшесі атанды. Қазақстанның ИКҰ жұмысы-
на атсалысуы мен еліміздің мұсылман әлеміндегі жағымды бейнесі ислам
елдерімен қарым-қатынасымызды одан әрі дамытуымыздың алғышарты
болды.
1997 жылдың желтоқсанында Тегеранда өткен ИКҰ Сегізінші саммитінен
бастап, бұл ұйымның бірде-бір маңызды іс-шарасы Қазақстан делегация-
сының қатысуынсыз өткен жоқ. Сонымен бір мезгілде ИКҰ-ға мүше елдер-
мен сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстар да нығая түсті.
Қазақстан тағы бір беделді халықаралық институт – ішіне Орталық Азия,
Орта және Таяу Шығыстың бірнеше елі мен Тегерандағы ЭЫҰ хатшылығы-
ның штаб-пәтері қоса кіретін Экономикалық ынтымақтастық ұйымының
(ЭЫҰ) да жұмысына белсене араласты. Осы мемлекетаралық құрылымның
аясында ынтымақтастықтың басты салалары энергетика, көлік және ком-
муникация, сондай-ақ сауда саласы болды.
Көпвекторлық ұстанымдағы Қазақстан азиялық қана емес, еуропалық
бағытта да белсенді жұмыс істеді. Мұнда біз ел – қауіпсіздігін қамтамасыз
етуге қажетті іс-қимылдар жасадық, атап айтқанда, 1996 жылдың шілдесін-
де НАТО-мен Қазақстан Қарулы күштерінің – Солтүстік Атлантика ұйымы-
ның әскери оқуларына, сондай-ақ жанжалды жағдайларды реттеу мақса-
тында жүргізетін операцияларға қатысуын реттейтін маңызды келісімге қол
қойды.