НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


Қазақстанның әлемдегі ірі мемлекеттермен



Pdf көрінісі
бет109/293
Дата14.05.2022
өлшемі3,95 Mb.
#143242
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   293
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Қазақстанның әлемдегі ірі мемлекеттермен
қарым-қатынасы 
Қазақстанның әлемнің жетекші елдерімен қарым-қатынасы қарқын-
ды дамыды. Уақыт сынынан өткен Ресеймен байланысымыз әлсіреген 
жоқ. Ресми кездесулер мен келіссөздерде екі жақ бетпе-бет отырып, 
сан алуан мәселелерді, оның ішінде шұғыл шешімді қажет ететін мәсе-
лелерді де талқыладық және солардың шешімін табуға, бір-бірімізді 


ҰЛЫ БЕТБҰРЫС. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫНЫҢ БАСТАЛУЫ
171
тыңдауға әрқашан дайын екенімізді көрсеттік. Уақыт өткен сайын Қа-
зақстан – Ресей ынтымақтастығының ауқымы кеңейіп, жаңа сапалық 
деңгейге көтерілді. 
1996 жылдың сәуір айында, Ықпалдастықты тереңдету жөніндегі 
келісім жасалғаннан кейінгі аз уақыттың ішінде, Ресей президенті Борис 
Ельцин ресми сапармен Алматыға келді. Біз ол жерде бірлескен Декла-
рацияға қол қойдық. Ол құжатта екіжақты ынтымақтастықтың жетістік-
тері ғана емес, жуық арадағы ортақ міндет – Каспий теңізінің мәртебесі 
жөніндегі келіссөздерге жаңа серпін беру, «Байқоңыр» ғарыш айлағы-
ның тағдырын шешу, Теңіз кен орнынан Новороссийкіге дейін созыла-
тын мұнай құбырын салуға кірісу жайы да нақтыланды.
1998 жылдың 6 шілдесінде Борис Ельцин екеуміз XXI ғасырда жалға-
сатын мәңгілік достық пен одақтастық жайлы Декларацияға қол қойып, 
Каспий теңізі солтүстік бөлігінің түбін межелеу жөніндегі ұзаққа созылған 
келіссөздердің нүктесін қойдық. Қазақстан әріптестерін Каспий теңізіне 
БҰҰ-ның теңіз құқығы жөніндегі 1982 жылғы Конвенциясы ережелерін 
қолдануға және оның түбін ресурстарымен бірге модификацияланған 
орта сызық бойынша межелеуге көндіруге күш салды. 
Каспий теңізін жалпы қолданыстағы теңіз деп есептеп келген Ресей 
Кас пий төңірегіндегі әрбір мемлекетке ені 10 миль болатын жағалау 
белдеуіне барлау жүргізуді және теңіз түбінің минералды ресурстарын 
өңдеуді ұсынды. Қалған ресурстар бірлескен иелікте қалып, арнайы ко-
митет арқылы басқарылып отыруы тиіс болды. 
Ұзақ келіссөздер барысында, ақыры Борис Ельцинді қазақстандық 
тұжырымдаманың Каспий бойындағы мемлекеттердің мүдделеріне сай 
келетініне, соның арқасында, алдағы уақытта табиғи ресурстарды өңдеу 
жеңілдей түсетініне сендіре білдім. 
Борис Николаевичпен қарым-қатынаста хаттамалық дипломатияның 
қажеті болған жоқ. Егер ол сенсе, соңына дейін сенетін. Егер сенбесе, 
мұнан кейінгі әңгімеден түк шықпайтын. Ельциннің саясатшы ретіндегі ор-
нын төмендетуге болмайды деп білем. Мен үшін Ресейдің бірінші прези-
денті жаңа заманның ең ұлы саяси тұлғасы болып қала береді. 
1990 жылдардың екінші жартысы Қазақстанның тағы бір ұлы көршісі 
және маңызды әріптесі – Қытай Халық Республикасымен қарым-қатынас 
үшін қолайлы кезең болды. 
1996 жылдың шілде айының басында ҚХР Төрағасы Цзян Цзэминь Қа-
зақстанға алғаш рет ресми сапармен келді және бұл сапары аяқталған соң 
көп ұзамай екі ел арасындағы шекараны қайта белгілеу басталды. 


172
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
1999 жылдың қараша айында менің Қытайға кезекті ресми сапарымның 
барысында екі тарап та жан-жақты ынтымақтастыққа мүдделі екендерін 
растады. Мұның мәнісін ҚХР Төрағасы Цзян Цзэминь былай білдірді: «Ха-
лықаралық жағдай қалай өзгерсе де, Қытай әрдайым Қазақстанның сенімді 
досы және жақсы көршісі болып қала береді». 
Менің 1997 жылдың қарашасындағы АҚШ-қа сапарым Қазақстан-Аме-
рика қатынастарының жаңа кезеңін бастады. Осы сапарда 18 маңыз ды құ-
жатқа, оның ішінде Экономикалық серіктестік аясындағы іс-қимыл бағдар-
ламасына, Ядролық энергияны бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы 
ынтымақтастық туралы келісімге, Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен 
орны және Каспий қайраңының солтүстік бөлігіндегі өнімді бөлуге қатысты 
келісімшарттарға қол қойылды. АҚШ президенті Билл Клинтонмен кезде-
суім кезінде Америка көшбасшысы Вашингтон «Орталық Азияда Қазақстан 
жетекшілік етеді» деген пікірде екенін айтты.
АҚШ-қа келесі сапарым екі жылдан кейін – 1999 жылдың желтоқсанын-
да болды және оның нәтижесі әскери, экономикалық және сауда ынты-
мақтастығы жөніндегі жаңа келісімдер пакеті еді. 
Қазақстанның сыртқы саяси мүдделері аясында ірі еуропалық елдер де 
болды. 1997 жылдың қарашасында қол қойылған Германиямен арадағы 
келісім, негізінен, экономикалық ынтымақтастыққа қатысты болды. Бес 
жылдың ішінде (1995 жылдан 1999 жылға дейін) әртүрлі уақыттарда болған 
француз көшбасшысы Жак Ширакпен алты кездесуім Қазақстан мен Фран-
цияның көптеген мәселелерде келісімге келуіне көмектесті. 1997 жылдың 
маусымындағы Ұлыбританияға сапарым қазақстандық және британдық 
бизнестің іскерлік ынтымақтастығына қол жеткізді. 1996 жылдың қыркүйе-
гінде Түркиямен болған келісім екі елдің әскери саладағы тығыз қарым-қа-
тынасының бастамасы болды және Қазақстанның қорғаныс қабілетінің 
нығая түсуіне айтарлықтай ықпал етті. 
АҚШ ерекше атап көрсеткендей, Орталық Азияда маңызды рөл атқарған 
Қазақстан осы аймақтағы тарихы тамырлас елдерге әрқашан достық пей-
ілмен қарады. 1997 жылдың 8 сәуірінде Қырғызстанмен, 1998 жылдың 31 
қазанында Өзбекстанмен Мәңгі достық жөніндегі келісім жасалды. Бұ-
дан бұрынырақ, 1996 жылы, үш елдің Қарулы күштері аймақтық қауіпсіздік 
мәселелерін басшылыққа ала отырып, «Ортазбат» біріккен бітімгерлік ба-
тальонын құрды. Ал 1997 жылдың қыркүйегінде Қазақстан мен Өзбекстан 
аумағында осы аталған біріккен әскери бөлімшелерден бөлек, АҚШ, Ресей, 
Түркия мен Грузия армияларының әскери бөлімшелері қатысқан оқу-жат-
тығу жұмыстары жүргізілді. 


ҰЛЫ БЕТБҰРЫС. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫНЫҢ БАСТАЛУЫ
Қазақстанның 1990-шы жылдардың екінші жартысындағы күрделі, сан 
алуан және қат-қабат оқиғаларға толы халықаралық өмірі мемлекетіміз үшін 
баға жетпес тәжірибенің қайнар көзі болды, сырт елдермен қарым-қаты-
наста сындарлы саясат ұстанып, жаһандық геосаяси координаттар жүйе-
сінде өз бағытымыздан жаңылған жоқпыз. 


ІII БӨЛІМ


ҚИЯҒА 
ҚҰЛАШ СЕРМЕУ
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ 
2000 ЖЫЛ 2010 ЖЫЛДАРДЫҢ БАСЫ


176
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет