НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет111/293
Дата14.05.2022
өлшемі3,95 Mb.
#143242
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   293
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

2002 және 2003 жылғы Жолдаулар
дамудың өзекті бағыттары
2002 жылдың 16 сәуірінде жариялаған Жолдауымның маңыздылығы – 
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдық айтулы мерекесінен 
кейін жарық көруінде еді. Өткен жылдар нәтижесі еліміз дамудың жаңа 
кезеңіне нық қадам басқанын көрсетеді.
Жоспарлаудың онжылдық көкжиегі шеңберінде мен енді үш жыл ішін-
де жүзеге асыру көзделген міндеттерді айқындауға көшуді ұсындым.


178
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
Жолдаудың негізгі тақырыбы ауыл шаруашылығына арналды. Бұл менің 
аграрлық саланы дамытуға ерекше серпін бергім келгенінен туындаған қа-
дам еді. Міне, енді, экономика едәуір қалпына келіп, өсу перспективасы бай-
қала бастаған шақта мен ауыл тұрғындарының жаңа сапалы тұрмысқа қол 
жеткізуіне нақты істермен көмектесетін уақыт жетті деген шешімге келдім.
Ауыл шаруашылығындағы қордаланып қалған мәселелерді бір маусым 
ішінде шешіп тастап, ұзақ мерзімді ілгерілеуге қол жеткізу мүмкін емес, 
сондықтан 2003 пен 2005 жылдар аралығындағы үш жылды ауылды қайта 
өркендету жылдары деп жарияладық. Ауыл – халқымыздың өмір салты, 
тыныс-тіршілігі, мәдениетіміздің бастауы, салт-дәстүріміз бен рухани бай-
лығымыздың қайнар көзі. Осы факторлар жиынтығының өзі ауыл мәсе-
лесіне біздің аса байыппен қарауымызды талап етеді. Осыған орай, мен 
ауыл тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық мәселелерін барынша ай-
қын сипаттаған едім.
Ауыл шаруашылығы мен ауыл тұрғындарының мәселелерін шешу үшін 
Үкімет пен жергілікті органдарға нақты тапсырмалар берілді. Жоғарыға қа-
рап алақан жаюшылық пен бас-басына субсидия берудің, қайтарымсыз 
қаражат бөлудің орнын енді әр адамның өзін-өзі асырауға, сөйтіп отбасын 
қамтамасыз етуге қолайлы жағдай туғызатын саясат басады. Ішкі көші-қон-
ның және ауыл тұрғындарын келешегі бар аумақтарға қайта орналастыру-
дың оңтайлы үлгісін анықтау қажеттігі де туындайды.
Үкіметке агроөнеркәсіп кешенін дамытудың үшжылдық бағдарламасын 
жасау тапсырылды. Сондай-ақ әлеуметтік салаға, ауылдық жердегі білім 
беру, денсаулық сақтау мекемелерін қаржыландыру көлемін көбейтуге, 
ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етуге, құрылысқа, жолдарды 
жөндеуге баса назар аударылды.
Сонымен бірге, қалаға қоныс аударған ауыл адамдары мен шағын кәсіп 
иелерінің меншігіндегі жерлері мен жылжымайтын мүліктерін заңдастыруды 
кешенді түрде жүзеге асыруға басымдық берудің қажеттігін атап көрсеттім.
Осылайша, мен ауылды қайта жаңғыртудың үшжылдық бағдарламасы 
аясында Үкіметтен нақты нәтижені талап ету керек деп шештім.
2002 жылғы Жолдаудың жалғасы іспетті – 2003 жылдың 16 сәуірін-
дегі Жолдауымда да мен мемлекет үш жыл ішінде ауыл шаруашылығына 
150 миллиардтан астам теңге салатынын баса көрсеткен болатынмын. Ауыл-
ды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылады, оның ішінде 
адамдарды экологиялық ахуалы қолайсыз аудандардан көшіру де бар.
Бұл ретте мен тек ауылдың өзекті мәселелерімен ғана шектеліп қалған 
жоқпын, сонымен қатар экономиканың келешегіне де кешенді түрде ой 
жүгіртуге тырыстым. Дәл осы 2003 жылғы Жолдауымда Үкіметтің жеке ин-


ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
179
вестицияны көптеп тартуға және қосымша құны жоғары өндіріске бағыт-
талған Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын жасап шыққаны 
хабарланған болатын. Салықтың азайтылуы инвестиция көлемін арттыруға 
мүмкіндік беретінін ескеріп, үкіметке салық мөлшерлемесін төмендету 
тапсырылды.
Әлеуметтік сала бойынша мен ең төменгі зейнетақы көлемін көбейту 
қажеттігін айттым, ал мұның өзі – миллионға жуық адамның мүддесіне тіке-
лей қатысты нәрсе. Сондай-ақ бюджеттік мекеме қызметкерлерінің еңбек-
ақысы тағы көтерілетіні жөнінде де хабарланды. Оралмандарға арналған 
квота мөлшері де екі есеге көбейетін болды. Бұл үшін 2 миллиардқа жуық 
теңге бөлінді.
Мәдениетті сақтау мен дамытудың ең маңызды бағыттарының бірі ретін-
де мен бірнеше ауқымды жобалардан тұратын «Мәдени мұра» бағдарла-
масының қабылдануына тікелей ықпал еттім.
Сол сияқты саяси салаға қатысты: мемлекеттік құрылымды қайта жаңғыр-
ту және ауыл әкімдерін сайлау тәжірибесін қолға алу, сайлау процесінің 
ашықтығын қамтамасыз ету, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдар-
дың рөлін көтеру, БАҚ туралы жаңа заң дайындап, қабылдау, құқық қорғау 
органдарын азаматтардың құқығын толық қорғау тұрғысынан жетілдіре 
түсу туралы бағдарламалар ұсынылды.
2003 жылғы Жолдау еліміздің ұзақ мерзімді «Қазақстан-2030» бағдарла-
масына сай, онжылдық стратегиялық жоспарға сәйкес дамып келе жатқанын 
және сапалық өсудің жаңа деңгейіне шығуға әбден дайын екенін көрсетті. 
Өткен жылдармен салыстырғанда, бұл кезде Қазақстанның ең өзекті 
бағыттардағы бағдарламалары ғана емес, оларды табыспен жүзеге асы-
руға қажетті қаржы ресурстары да бар еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет