НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


Қазақстан және жаңа тәуелсіз мемлекеттер



Pdf көрінісі
бет108/293
Дата14.05.2022
өлшемі3,95 Mb.
#143242
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   293
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Қазақстан және жаңа тәуелсіз мемлекеттер
Кеден одағы
1990-шы жылдардың екінші жартысында Тәуелсіз Мемлекеттер Достас-
тығы (ТМД) көптеген объективті себептерге байланысты қиын кездерді 
бастан өткеріп жатты. Толыққанды экономикалық қоғамдастық сол күйі 
құрылған жоқ, мемлекетаралық механизмдер іркіліспен жұмыс істеді, қа-
былданған шешімдер көбінесе орындалған жоқ. 1998 жылы ТМД-ны ре-
формалау жөніндегі талпыныс, өкінішке қарай, жүзеге аспады. 
Жалпы, мұның бәрі мен үшін таңданарлық нәрсе емес еді. 1990-шы 
жылдардың бірінші жартысында-ақ оқиғаның осылай өрбитінін сезіп, бо-
лашақта аймақтық ынтымақтастықтың мұқият ойластырылған өзге түрлері-
не көшу керек екенін айқын түсіндім. ТМД-ның өміршеңдігіне сене қойған 
жоқпын. Соған қарамастан, мемлекеттің ТМД-ға қатысты ресми көзқарасы 
өзгерген жоқ: Қазақстанның экономикалық ықпалдас тығы біздің саяси тәу-
елсіздігімізге нұқсан келтірмеуі керек. Біз үшін ең бастысы осы болды.
1990-шы жылдардың ортасында, ықпалдастық ұмтылыстар қайта күшей-
ген кезде, мен Кеден одағын (КО) идеясын толықтай қолдадым. 1995 жылдың 
20 қаңтарында Қазақстан, Ресей және Беларусь үкіметтерінің басшылары 
Кеден одағын құру жөніндегі келісімге қол қойды. Бір жылдан аса уақыт өт-
кенде, 1996 жылдың 29 наурызында, дәл сол елдер және осы одаққа кейін-
нен қосылған Қырғызстан экономикалық және гуманитарлық салалардағы 
интеграцияны тереңдету жөнінде келіcімді бекітті. Соған сәйкес, бірлескен 
басқару органдары – Мемлекетаралық кеңес, Интеграциялық және Пар-
ламентаралық комитеттер құрылды. Күтпеген жерден болған қаржы дағда-
рысы көптеген жоспарларға, оның ішінде әуелі құрылысы баяулап, кейін-
нен мүлде тоқтаған Кеден одағын құруға да бөгет жасады. Дегенмен мен 
еуразиялық ықпалдастық жобасы уақыты келгенде жүзеге асатынына еш 
күмәнданған жоқпын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет