НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім



Pdf көрінісі
бет105/293
Дата14.05.2022
өлшемі3,95 Mb.
#143242
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   293
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім 
шаралары кеңесіне алғашқы қадам
Қазақстан Республикасының ең ауқымды сыртқы саяси жобаларының 
бірі – Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті 
(АӨСШК) – мен ұжымдық халықаралық құрылым, бүкіл Азия құрлығындағы 
бейбітшілік пен тұрақтылықты қолдау мақсатындағы превентивті диплома-
тия механизмі ретінде ойластырған болатынмын. 
Жасыратыны жоқ, АӨСШК ЕҚЫҰ-ның азиялық баламасы ретінде 
құрылған еді. Мұнда өзара іс-қимыл жасауға үлкен мүмкіндік бар, өйткені 
АӨСШК-нің жиырма екі қатысушысының оны – ЕҚЫҰ-ның мүшелері неме-
се оның азиялық серіктестері. Сондықтан осы екі қауіпсіздік құрылымының 
бір-бірін өзара толықтыру ықтималдығы бар деп айта аламыз.
Бұл бастама 1992 жылдың қазанында-ақ БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-
ші сессиясында көтерілген болатын. 1998 жылдың шілдесінде «Шанхай 
бес тігін» құру жөнінде ұсыныс білдірдік. Қытай мен Ресей осы бастаманың 
іске асуын қолдайтындарын ресми түрде мәлімдеді. Жалпы Азия қауіп сіздігі 
сияқты ауқымды мақсаттың тез арада орындалатыны жайлы бос қия лға 
берілмей, біз ең басынан-ақ бар күшімізді салып, тынымсыз жұмыс істеуге 
дайын болдық. Ұйымға қатысушы барлық елдердің бір мақсатқа жұмылуы 
«сенім шаралары» сияқты түйінді ұғымдарға қатысты мәселелерде әрқай-
сысының өзіндік жеке пікірі болуын жоққа шығармадық. Демек, мемле-
кетаралық ұстанымдарды бір-біріне жақындату, жалпыға ортақ мәмілеге 
бірте-бірте қадам баса отырып, тіл табысу, сөйтіп бір байламға келу тиімді 
болды. 
1999 жылдың 14 қыркүйегінде Алматыда өткен 16 Азия елінің сыртқы 
істер министрлерінің кездесуінде АӨСШК-ға мүше мемлекеттер арасын-
дағы қарым-қатынас ұстанымдары, соның ішінде, бір-бірінің егемендік 
құқықтарына деген құрмет пен аумақтық тұтастықты мойындау, күш қол-
данбау және күшпен қорқытпау, дауларды бейбіт жолмен шешу, бір-бірінің 
ішкі істеріне араласпау, қарусыздану және қару-жарақты бақылау, түрлі са-
лалардағы ынтымақтастық, адам құқықтарын сақтау ұстанымдарын тұжы-
рымдаған Декларация қабылданды. Осы кездесуде сөйлеген сөзімізде, 


168
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
неғұрлым қауіпсіз әлем қалыптастыру туралы келісімге келген Азия елдері 
кеңесінің түйінді ой-пікірлері осы Декларацияда көрініс тапқанын мәлім-
дедік. 
Алда басты мақсат – АӨСШК мемлекеттері басшыларының бірінші сам-
миті тұрды. Біз заманауи халықаралық қарым-қатынастар тарихында ай-
рықша орны бар осы форумға мұқият дайындықты алдын ала бастадық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет