202
ТӘУЕЛСІЗДІК
ДӘУІРІ
министрге де сенімсіздік білдіре алатын болды және бұл рәсім оңайлатыл-
ды. Парламент Конституциялық кеңестің, Орталық сайлау комиссиясының
(ОСК) және Есеп палатасының үштен екі бөлігін жасақтау құқығын иелен-
ді. Премьер-Министрді төменгі палата депутаттарының басым көпшілігінің
келісімін ала отырып, Президент тағайындайтын болды.
Екіншіден, саяси партиялардың рөлін нығайту және Мәжіліс депутат-
тарын сайлаудан өткен партиялардың өкілдерінен пропорционалды жүйе
бойынша сайлау ұсынылды.
Үшіншіден, жергілікті өзін-өзі басқарудың дамуына мүмкіндік туды, мәс-
лихаттар бұл саланың негізіне айналды. Жергілікті өкілетті органдар депу-
таттарының өкілеттік мерзімі бес жылға ұзарды. Мәслихаттың әкімге сенім-
сіздік білдіру рәсімі жеңілдетілді.
Төртіншіден, сот жүйесінің
жұмысы жетілдіріле бастады, сот лауазымы-
на үміткерлерді іріктеу міндеті Жоғары Сот Кеңесінің қарауына берілді.
Бесіншіден, Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлін бұл органға конс-
титуциялық мәртебе беріп, Сенат пен Мәжілісте оның өкілеттігін қамтама-
сыз ету арқылы нығайта түсу шаралары қарастырылды.
Алтыншыдан, бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін арттыру, редак-
циялық саясаттың тәуелсіздігін
қамтамасыз ете отырып, журналистердің
құқығын қорғау және азаматтық қоғамды әрі қарай дамытуға бағытталған
тағы да басқа нақты іс-әрекеттер назарға алынды.
Азаматтардың құқығын нығайта түсуге айрықша мән берілді. Адам
құқықтары жөніндегі уәкіл институтын құру мәселесі зор маңызға ие болды.
2007 жылдың 18 мамырында екі күнге созылған талқылаудан соң Пар-
ламент «Қазақстан Республикасы Конституциясына
өзгертулер мен то-
лықтырулар енгізу туралы» заңды қабылдады.
Парламент позициясының орнықтылығын қамтамасыз еткен 2007
жылғы реформа біздің саяси шынайылығымыздың жарқын дәлеліне, ұзақ
мерзімді перспективада мемлекет негізін берік ете түсуге деген бәріміздің
ортақ ұмтылысымыздың нәтижесіне айналды.
Қазақстанға ЕҚЫҰ-да төрағалық ету құқығын беру мәселесі түбегейлі
шешілер сәтте халықаралық қоғамдастық, сөз жоқ, 2007 жылғы ауқымды
конституциялық реформаға назар аударды. Бұл еліміздің сыртқы саясатын-
дағы ең ірі жетістігі және, сонымен қатар, жемісті жүргізілген ішкі
саяси өз-
герістердің нәтижесі болды.
ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
203
Достарыңызбен бөлісу: