ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
217
қайта құру және даму банкінің президенті Ж. Лемьер Қазақстанда Ұлттық
қордың құрылуын «өте көрегендікпен қабылданған шешім» деп мәлімдеді.
Табиғи қазбаларды экспорттаудан алынған түсімдерді жинақтайтын Ұлт-
тық қорды басқару Ұлттық банкке тапсырылды. 2005 жылдың қыркүйегінде
мен Ұлттық қор қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдама-
сын бекіттім.
Ұлттық қордың 2000-шы жылдардағы жинақталу динамикасы жоғары
болды: 2004 жылдың өзінде шоғырланған қаражат көлемі 5 миллиард дол-
лардан асып кетті, 2005 жылы ол 8 миллиардқа жетті, 2006 жылы – 14 мил-
лиард, ал 2007 жылы – 21 миллиард болды.
Ұлттық қордың құрылуы жас мемлекетіміздің тарихындағы айтарлықтай
елеулі шешім еді. Ақырында Ұлттық қор 2007–2009 жылдардағы жаһандық
дағдарыс салдарларын еңсеруде аса маңызды рөл атқарды.
Достарыңызбен бөлісу: