НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет134/293
Дата14.05.2022
өлшемі3,95 Mb.
#143242
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   293
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

4. 
ҚИЯҒА
 
ӨРЛЕГЕН
 
ҚАЗАҚСТАН
 
БАРЫСЫ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ
 
САЯСАТ
 
ЖӘНЕ
 
ӨСІМ
Өрлеу траекториясы және саяси тұрақтылық
Ө
мірден көрген-түйгеніме, өндіріс басындағы және ел басқарудағы 
тәжірибеме сүйене келе, мен экономика – халықтың әл-ауқатына, қа-
уіпсіздігіне, ғылым мен мәдениетінің өркендеуіне, тіршіліктің барлық сала-
сына негіз болатын тірек екеніне көз жеткіздім. Сол себепті де, ұлттық эко-
номиканы тұрақты өсу жолына бағыттайтын экономикалық реформаларды 
жүргізу ісіне бар күш-жігерімді сала кірістім.
Нақты дәлелденген жайт: транзит жағдайында экономикаға емес, сая-
сатқа ерекше көңіл бөлген елдер дамудың даңғыл жолына түсе алған жоқ. 
Ал мен Қазақстанның маңдайына жан-жақты жетістігі мол, экономикасы 
өркендеген мемлекет болу бұйыратынына нық сендім.
2003 жылдың желтоқсанында «алдымен экономика – содан кейін сая-
сат» тұжырымы дүниеге келді. Бұл – «саяси өзгерістердің қажет екеніне дау 
жоқ, бірақ олардың сәтті жүзеге асуы үшін, ең алдымен, тиімді де бәсекелі 
экономика болуға тиіс» дегенге саятын сөз еді.
Сол уақыттың негізгі экономикалық статистикалық көрсеткіші көңіл көн-
шітерлік еді. Жаңа ғасырдың алғашқы үш жылында ІЖӨ өсімінің жылдық 
қарқыны 10 проценттен асып түсетін. Бұл 1990 жылдардағы құлдырауды то-
лық еңсеріп шығуға мүмкіндік берді. Егер 1993 жылы жан басына шаққан-
дағы ІЖӨ шамамен 700 доллардан келсе, 2004 жылы ол 2 мың долларға 
жетті. Бұл көрсеткіш жөнінен Қазақстан еуразиялық кеңістікте екінші орынға 
шықты. Еліміз барлық әлеуметтік-экономикалық көрсеткіш бойынша көш 
басындағы мемлекеттердің қатарына енді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет