НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет135/293
Дата14.05.2022
өлшемі3,95 Mb.
#143242
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   293
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Қазақстан барысы алға ұмтылды
Өндірістің өсуі экономиканың барлық салаларында да байқалды, ин-
фляция қарқыны бәсеңдеді, ұлттық валюта бағамы тұрақты деңгейде ор-
ныға бастады, еліміздің алтын-валюта қоры айтарлықтай дәрежеде то-


ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
215
лығып жатты. Мұның бәріне сеп болған жайт: біздің негізгі экспорттық 
байлықтарымыздың – қуат көздерінің, металдың және астықтың әлемдік 
бағасының һәм жаһандық сұранысының өсуі арқылы Қазақстан дүние на-
рығына екпіндей енген еді. 
Экономикадағы оң үрдістер мемлекеттік бюджеттің ахуалына да тиімді 
әсерін тигізді. 2003 жылы бюджет кірісі бірінші рет триллион теңгелік меже-
ден асты. Қазақстан ХВҚ қарыздарын мерзімінен бұрын қайтарды. Осыған 
орай, еліміздің халықаралық беделі едәуір биіктей түсті.
2003 жылдың қарашасында мен кезекті рет Ли Куан Ю мырзамен кез-
дескенімде, осынау тәжірибесі мол шығыс саясаткері мені одан сайын қа-
наттандырар сөздер айтып еді. «Он жыл ішінде Қазақстан таңғаларлық та-
бысқа жетті, мен мұны тіптен күтпеген едім. Сіздер көршілеріңізден озып 
кеттіңіздер. Тек олардан ғана емес», – деген-ді ол.
ХВҚ сарапшылары 2004 жылы: «Қазақстанның икемді экономикалық 
саясаты оның әлемдегі ең шапшаң дамып келе жатқан елдің біріне айна-
луына мүмкіндік берді», – деп атап өтті.
2004 жылдың қарашасында Қазақстан қаржыгерлерінің Алматыда өт-
кен төртінші конгресінде сөз сөйлеген Бүкіләлемдік банктің президенті 
Джеймс Вулфенсонның лебізі есіме түседі. Ол Қазақстанның экономика-
лық жетістіктеріне тәнті екенін сүйсіне айтқан еді. «Бүкіл әлемде экономика 
жылына 4–5 процентке өссе, Қазақстанда 9 процентке өсіпті, – деп еді 
ол. – Қазақстандықтардың мақтанатындай да жөні бар. Мен елдеріңіздегі 
ілгерілеу бағытындағы бағдарламаларды жоғары бағалаймын және пер-
спективалық даму жоспарында табиғи ресурстарға ғана емес, адам ре-
сурсына да сенім арту керектігі жөніндегі Нұрсұлтан Назарбаевтың ойын 
қолдаймын. Ең басты байлық – халық, сондықтан да адамдардың, әсіресе 
жас ұрпақтың денсаулығына, тәрбиесіне және біліміне барынша көп көңіл 
бөлген жөн».
Мұнымен қатар, тағы бір маңызды жайт – Қазақстан мемлекеттік билік-
тің әлсіреуіне, саяси жүйе тепе-теңдігінің бұзылуына жол берген жоқ. Алға 
қойылған мақсатты бүкіл деңгейі мүлтіксіз атқарған күшті, жауапты, орта-
лықтандырылған мемлекеттік вертикаль – міне, Қазақстан жетістігінің басты 
шарты осы.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, инвестициялық цикл, әдетте онжыл-
дықты қамтиды және электоралды циклдарға қарамастан, ұлттық экономи-
каның орнықтылығын талап етеді. Сондықтан мен тиянақты, дәйекті түр-
де, бір қадам да кері шегінбестен, экономикалық өрлеу сатысында саяси 
тұрақтылықты қамтамасыз етер барлық тактикалық іс-әрекеттерге бардым.


216
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет