210
ТӘУЕЛСІЗДІК
ДӘУІРІ
2000 жылдары Қазақстанда мемлекеттік қызметтің халықаралық са-
рапшылардан жоғары баға алған үлгісі қалыптасты. Алайда уақыт өте келе,
комиссиялардың жеткілікті дәрежеде әділдік танытпауы, конкурстар нәти-
жесінің алдын ала белгілі болуы, тағайындаудың заңды тәртібінің кадрлық
резервінен «айналып өту», «команда боп көшіп жүру» әдеті секілді бірқа-
тар мәселелер анықтала бастады.
Мен мұндай кемшіліктерге принципті түрде төзбейтінімді білдіріп, мем-
лекеттік басқарудың қолданыстағы жүйесін жаңартуға шындап кірістім.
2011 жылдың шілдесінде мемлекеттік қызметтің жаңа үлгісінің тұжы-
рымдамасы
бекітілді, ол «мемлекеттік қызмет» ұғымының өзін қайта
жаңғыр тып, «ұлтқа қызмет етудің» синониміне айналдыруды ұсынды. Ме-
ритократия, тиімділік, нәтижелілік, ашықтық және қоғамға есеп беруге мін-
деттілік мемлекеттік қызмет дамуының жаңа кезеңіндегі
негізгі қағидалары
болып жарияланды.
Осыған сәйкес заңнамалық өзгертулер 2012 жылдың желтоқсанын-
да қабылданды. Олар мемлекеттік қызметке келудің ашық механизмдерін
енгізу арқылы мемлекеттік аппарат кәсібилігін арттыруға, бағалау жүйесін
пайдалануға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерді ынталандыруды жетіл-
діруге және қызмет этикасын сақтауға бағытталған еді.
Достарыңызбен бөлісу: