Астана медициналық кластері Мен біздің денсаулық сақтаудың ұлттық жүйесінде міндетті түрде әлемдік
деңгейдегі сапалы үлгінің болуы керек екенін айқын ұқтым. Сондай үлгі
ретінде Астана медициналық кластерін құру жөнінде шешім қабылданды.
Мен елордада барынша заманға сай медициналық орталықтар салып, ол
жерлерде халықаралық деңгейдегі кардиохирург Юрий Пя секілді бірегей
мамандарды жинау туралы тапсырма бердім.
Ұлттық медициналық холдинг 2008 жылдың мамырында құрылып, алты
инновациялық құрылымды біріктірді – Ана мен бала Ұлттық ғылыми орта-
лығы, Республикалық балаларды оңалту орталығы, Республикалық диаг-
ностикалық орталық, Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы,
Республикалық жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығы, Ұлттық
ғылыми кардиохирургиялық орталық.
Халықты жоғары сапалы медициналық қызметпен қамтамасыз ету
бағытындағы біздің көреген стратегиямыздың арнасы бойынша құрылған
Астана медициналық кластері Қазақстан халқына медицинаның жаңа стан-
дартын әкелді.
Бұған қоса, қол жеткізген табысқа тоқмейілсімей, алдымызға тағы бір
үлкен мақсат қойдық. Ол – медициналық кластер базасында алдыңғы қа-
тарлы медициналық технологиялар мен сапа стандарттары негізінде ме-
дициналық қызметтердің сан түрін Қазақстан және шетел азаматтарына
ұсынатын, халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті «Болашақ госпиталін»
құру.
«Болашақ госпиталі» өз атауына толық сай келетінін дәлелдеп, денсау-
лық сақтаудың ұлттық жүйесін алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибенің
трансфертімен қамтамасыз етеді, Қазақстандағы басқа бүкіл медициналық
ұйымдар үшін эталон болады.