НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет152/293
Дата14.05.2022
өлшемі3,95 Mb.
#143242
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   293
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Солтүстік Аралды құтқару
Қордаланып қалған экологиялық мәселелер де өз шешімін күтіп тұрды. 
1990-шы жылдарға қарай Арал теңізі мен оның маңайындағы жерлердің 
жағдайы мүлде қиын болатын.
Экологиялық апат жергілікті тұрғындардың денсаулығына зияны мен за-
лалын әбден тигізген еді. Мыңдаған балықшы жұмыссыз, күнкөріссіз қал-
ды. Орталық Азия елдері қиын түйінді шешудің жолын іздеп, бірнеше рет 
халықаралық кездесулер өткізді. Алайда одан ешқандай нәтиже шыққан 


238
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
жоқ. Өлкенің адамдары мен экономикасына төнген қауіп барған сайын кү-
шейе берді. Осының бәрін түсінген мен бұдан әрі күтудің керегі жоқ деп 
шештім. Бастысы – құтқару мүмкін нәрсені құтқарып қалу еді.
2000-шы жылдардың басында Сырдария өзенінің суағарын реттеу және 
Аралдың солтүстік бөлігін сақтау жөніндегі жоба ұсынылды. Оның басты 
түйіні – теңіздің солтүстік бөлігін оның құрып бара жатқан басқа бөлігінен 
бөліп тастайтын, отыз шақырымға созылған Көкарал бөгетін салу еді.
2001 жылы Үкімет осы жобаны бірлесе қаржыландыру туралы 
Бүкіләлемдік банкке ұсыныс жасады. Ұсыныс қабылданды: Бүкіләлемдік 
банк 64 миллион доллар бөлді, ал 21 миллион доллар біздің республи-
калық бюджеттен алынды. 2005 жылдың тамызында бөгет толық салынып 
бітті. Келесі жылы-ақ Кіші Арал жобада белгіленген межеге дейін толды.
Теңіз суы оның құрғақ түбінің 870 шаршы шақырымын жапты, бұл Арал 
маңындағы экологиялық ахуалды жақсарта түсті. Судың минералдануы ай-
тарлықтай азайды, ондағы балық қорын қайта қалпына келтіру үшін бұл 
өте маңызды еді. Сол кезде басталған өнеркәсіптік негізде балық аулау 
көлемі біртіндеп артып келеді.
Жүзеге асқан жобаның арқасында Арал жағалауында қайтадан қарба-
лас өмір басталды. Арал теңізінің түбегейлі жойылып кетуіне жол берген 
жоқпыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет