ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
235
лама өз нәтижесін берді, жұмыс орындары ашылды, жеке кәсіпкерлік да-
мыды.
Ел басшылығының өнімді еңбегінің нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі
8 процентке дейін төмендеді. Жалақы мен зейнетақының орташа мөлшері
ТМД-дағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі болды. Тіпті Қазақстан – КСРО
Жинақ банкіндегі салымдар бойынша халыққа
қарызын қайтаруды жөн
көрген бұрынғы одақтас республикалар арасындағы жалғыз ел!
2004 жылдың наурыз айындағы Жолдауымда мен тағы да әлеуметтік
тақырыпқа баса назар аудардым. Соның ішінде бұрын макросаясат тура-
лы жиірек айтуға тура келсе, енді бүкіл халықты қызықтыратын тақырыпта
әңгіме қозғау өзім үшін айрықша сүйсінерлік жайт екенін жеткіздім. Сол
себепті, кейінге қалдырмастан, Үкіметке тікелей әрбір қазақстандық отба-
сының мүддесін көздейтін, Әлеуметтік реформаларды тереңдетудің 2005–
2007 жылдарға арналған бағдарламасын жасауды тапсырдым.
Достарыңызбен бөлісу: