294
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
зақстан – Түрікменстан мемлекеттік шекарасы туралы» шартқа, Қазақстан
Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасында «Қазақстан – Қырғыз
мемлекеттік шекарасы туралы» шартқа қол қойылды.
Қазақстан – Өзбекстан шекарасын делимитациялау процесі 2000–2002
жылдар аралығында жүргізілді. 2001 жылдың 16 қарашасында Астанада Қа-
зақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасында «Қазақстан
– Өзбекстан мемлекеттік шекарасы туралы» шарт бекітілді. Ол шекара сы-
зығының 96 процентін анықтады. Кейін даулы мәселелерді мұқият реттеген
соң, 2002 жылдың 9 қыркүйегінде «Мемлекетаралық шекараның жекеле-
ген бөліктері туралы» шартқа қол қойылды.
Қазақстанның ең ұзақ шекарасы – Ресеймен 7591 шақырымдық шекара.
Бұл – әлемдегі ең ұзын құрлықтық шекара.
Қазақстан – Ресей келіссөздерінің алғашқы кезеңі 1999 жылдың тамыз
айында басталды. Қазақ ССР-і мен РСФСР арасындағы әкімшілік шекара,
Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстан шекараларымен салыстырған-
да, бұлдырлау рәсімделгені бірден белгілі болды.
Мұндай әдеттен тыс жағдайда Ресейдің жаңа басшылығымен арамыз-
дағы сенімнің жоғары деңгейі айрықша рөл атқарды. 2000 жылдың маусым
айындағы алғашқы біріккен декларацияда мемлекет басшылары екіжақты
делимитациялау процесінің қарқынын арттыру қажеттігін айтты.
Мемлекет
үшін шекараның маңыздылығын ескере отырып, біз жағдайды ушықтыр-
май шешу үшін табандылық таныттық.
Қазақстан мен Ресей арасындағы келіссөздер 2004 жылдың соңына
дейін жалғасты. Шекара сызығын сызу үшін елуден астам келіссөздер ке-
зеңін өткізуге тура келді.
2005 жылдың 18 қаңтарында Мәскеуде мен В.В.
Путинмен бірге Қа-
зақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы «Қазақстан
– Ресей мемлекеттік шекарасы туралы» шартқа қол қойдым. Құжат 2006
жылдың 12 қаңтарынан бастап күшіне енді.
Осылайша Қазақстан бүкіл периметрі бойынша шекараның құрлықтық
бөлігін заң негізінде рәсімдеуді аяқтады. Өңірлерде шекара сызығын жүр-
гізу (демаркациялау) жұмысы басталды.
Мемлекеттік шекараны белгілеу жолында біз жұмсаған күш-жігердің
маңыздылығын түсіну үшін жаңа тәуелсіз мемлекеттердің басым бөлігі
мұндай шаруаны атқара алмағанын, олардың басым бөлігі өзара бекітілген
мемлекеттік шекараға ие емес екенін есте ұстаған жөн.
Қазақстан – Орталық Азия өңірінде делимитациялау
мен демаркация-
лау мәселесін толық шешкен жалғыз мемлекет. Қазақстан Республикасының
2000-жылдары бекітілген мемлекеттік шекарасы – толықтай заңды шекара.
ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
295
Осылайша Қазақстан өзінің мемлекеттік шекарасының бүкіл периме-
трін заң негізінде рәсімдеуді аяқтады. Тарихта тұңғыш рет біздің мемлекет-
тік шекарамыз халықаралық-құқықтық тұрғыдан рәсімделді және өңірдегі
бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудің іс-жүзіндегі нақты құралы
бола алды. Осы кезден бастап дербес Қазақстан заңды түрде рәсімдел-
ген 14 мың шақырымдық құрлықтық мемлекеттік шекараға ие болды. Оның
7591 шақырымы – Ресеймен, 2351 шақырымға жуығы – Өзбекстанмен, 1783
шақырымы – Қытаймен, 1242 шақырымы – Қырғызстанмен, 426 шақырымы
Түрікменстанмен түйісіп жатыр.
Қазақстанның мемлекеттік
шекарасын саяси растаудың, заң жүзінде
рәсімдеудің және халықаралық дәрежеде мойындалуының тарихи маңы-
зын айтып жеткізу мүмкін емес.
Достар үшін – ашық, жат пиғылдылар үшін жабық мемлекеттік шека-
раның бекітілуі Қазақстан Республикасының егемендігін әйгілей түсті, ұзақ
мерзімге тұрақты бейбітшілікті қамтамасыз етті.
Достарыңызбен бөлісу: