НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


АӨСШК: шындыққа айналған батыл жоба



Pdf көрінісі
бет189/293
Дата14.05.2022
өлшемі3,95 Mb.
#143242
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   293
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

АӨСШК: шындыққа айналған батыл жоба
Халықаралық маңызды мәселелерді стратегиялық тұрғыда бағалай білу 
машығым Еуропа қауіпсіздігімен бірге, әлем үшін Азияның қауіпсіздігі де 
еш кем емес мәнге ие екенін аңдатты. Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім 
шаралары жөніндегі кеңесті (АӨСШК) шақыру туралы бастамам да осыдан 
туындаған еді.


ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
299
Бұл халықаралық ұжымдық құрылым түпкі мақсаты бойынша жалпы-
азиялық ұйымдар тапшылығының орнын толтырып, келісім мен ынты-
мақтастықтың өзара ықпалдастық кеңістігі мен айқын механизмін құруға 
тиіс еді. Осы жоба арқылы тәуелсіз жас Қазақстан жаһандық әлемге қадам 
жасады. АӨСШК құру бастамасын әуелден-ақ Ресей, Қытай, АҚШ, Герма-
ния, Жапония, Иран, Түркия, Австралия қолдады. 
2002 жылдың 4 маусымында Алматыда Қазақстан, Ресей, Қытай, 
Пәкістан, Түркия, Моңғолия, Қырғызстан, Тәжікстан, Ауғанстан президент-
тері, Үндістан мен Әзербай жанның премьер-министрлері, Иранның, Еги-
петтің, Израильдің және Палестинаның өкілетті тұлғалары, БҰҰ мен ЕҚЫҰ-
ның бақылаушы-мемлекеттері өкілдері қатысқан Азиядағы өзара іс-қимыл 
және сенім шаралары жөніндегі кеңестің І саммиті өтті. Басшылары алғашқы 
тарихи жиынға қатысқан 15 мемлекет Азия аумағының 90 процентін алып 
жатқан-ды, ал олардың халқының саны 3 миллиардқа жуықтайтын немесе 
ғаламшарымыздың барлық тұрғындарының жартысына жуығы еді.
АӨСШК форумының алғашқы жемісі 2002 жылы Үндістан мен Пәкістан 
сияқты екі ядролық державаның арасы салқындап кеткен кезде, олар-
дың диалогын қалпына келтіру болғанын есіме аламын. Біз бұдан кейін 
де АӨСШК-нің Азия құрлығында қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ұжымдық 
механизмі рөлін жемісті атқара беретініне сенімді болдық.
АӨСШК І саммитінің басты оқиғасы – АӨСШК-нің ұйымдастырушылық 
негіздеріне, Азиядағы болашақ қауіпсіздік институттарына жол ашқан Ал-
маты актісін жариялау болды. Кеңеске қатысушылар менің АӨСШК Хат-
шылығын құру туралы ұсынысымды қабыл алды. 
ХХІ ғасырдың басындағы күрделі халықаралық ахуал кезінде өткен 
АӨСШК І саммиті Қазақстанның сыртқы саясатының үлкен жетістігіне ай-
налды және әлемдегі халықаралық қатынастардың жаңа кезеңі бола алды.
2004 жылдың қазанындағы АӨСШК Сыртқы істер министрлерінің кез-
десуінде азиялық және әлемдік дипломатияда теңдесі жоқ бірегей құжат 
– Сенім шараларының каталогі қабылданды. Құжатта қауіпсіздік, дау-да-
майларды бейбіт шешу және қарулануды бақылау мәселелері бойынша 
Азиядағы көпжақты ынтымақтастық тұңғыш рет қарастырылды. 
2006 жылдың 17 маусымында Алматыда АӨСШК ІІ саммиті өтті. Оған 
Қазақстанмен бірге, Қытай, Ресей, Пәкістан, Өзбекстан, Ауғанстан, Әзер-
бай жан, Тәжікстан және Қырғызстан басшылары, Тайланд премьер-минис-
трі, сондай-ақ Түркия, Израиль, Моңғолия, Корея Республикасы, Үндістан, 
Иран, Палестина, Египеттің өкілдері қатысты. Саммит декларациясында 
Азиядағы қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың өзекті мәселелеріне жал-
пы көзқарас, мәселелерді шешуде әмбебап тәсілдерді қолдануды дамыту 


300
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
жөніндегі ұсыныстар көрініс тапты. Кеңестің практикалық құрылымдануын 
жүйелеуге қатысты негізгі құжат – АӨСШК Хатшылығы туралы келісім қа-
былданды. Алматы қаласында АӨСШК штаб-пәтері ашылған соң, оның 
инс титуттарының нақты қалыптасу үрдісі басталды. 
ІІ саммитте мен АӨСШК-нің БҰҰ-мен қарым-қатынасы қажет екенін 
мәлімдедім. 2007 жылдың желтоқсанында АӨСШК БҰҰ Бас Ассамблеясы 
жанындағы бақылаушы мәртебесін иеленді. 
2002 жылдан бастап АӨСШК құрамы кеңейе түсті. 2010-шы жылдар-
дың басына қарай тұрақты мүшелердің саны Бахрей н, Вьетнам, Иордания, 
Ирак, Камбоджа, Моңғолия, БАӘ, Корея Республикасы, Тайланд сияқты ел-
дердің қосылуымен жиырма төртке дейін ұлғайды. АӨСШК елдері әлемдік 
ІЖӨ-нің үштен бірін қамтамасыз етіп отырды. Бақылаушылар қатарына 
Бангладеш, Катар, Филиппин және Араб мемлекеттері лигасы қосылды. 
2010 жылы АӨСШК қызметінің келесі кезеңі келіп жетті. Жағдайдың біре-
гейлігі мынада – Қазақстан бір мезгілде АӨСШК мен ЕҚЫҰ төрағасы бола 
отырып, АӨСШК-ЕҚЫҰ форумын құруды ұсынды. Менің байқағанымдай, 
АӨСШК мен ЕҚЫҰ арасындағы ынтымақтастық болашақта қауіпсіздіктің 
ортақ платформасын құруға жол ашар еді. 
2010 жылы Қазақстанның ұсынысымен АӨСШК төрағалығына Түркия 
тағайындалды. АӨСШК мемлекеттері мен үкімет басшыларының ІІІ саммиті 
2010 жылдың 8 маусымында Ыстанбұл қаласында өтті. Оған 9 елдің мемле-
кет және үкімет басшылары, 6 вице-президент, вице-премьер және пар-
ламент спикері, 14 министр мен арнайы өкілдер қатысты. 16 халықаралық 
ұйым өз өкілдерін жіберді. 
АӨСШК-нің өсу және даму үрдісі Кеңестің ашықтығын, сұранысқа ие 
екендігін және өміршеңдігін көрсетті. Бүкіл әлем алдында АӨСШК форумы 
болашағы зор, макроөңірлік бірлестік ретінде танылды. 
АӨСШК болашағын саралай отырып, мен 2010 жылдары Кеңестің то-
лыққанды халықаралық ұйымға айналуы үшін жағдай тудыратын диалог 
пен сенім деңгейіне жететініне үміт арттым. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет