126
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
айында Мәжіліс 35 заң қабылдады, ал Жоғарғы Кеңес бір жылда 7 заң-
ды ғана бекіткен еді. Бірінші шақырылымның бес сессиясы барысында
Мәжіліске 644 заң түсті, депутаттар олардың 558-ін мақұлдады, ал мен
497 заңға қол қойдым.
1996 жылдың шілдесінде екі палатаның бірлескен мәжілісінде мен де-
путаттардың еліміздің саяси жүйесін жаңғыртуға қосқан үлесін ерекше
атап өттім. Біріншіден, Парламент атқарушы және заң шығарушы билік
тармақтары арасындағы тұрақты тепе-теңдік қамтамасыз етуге, екіншіден,
палаталардың әрқайсысының заңдарын дәйекті түрде талқылау жолымен
заң жобаларын пысықтаудың тиімді ішкі парламенттік тетігін жасауға қол
жеткізді... Парламент кәсіби және құзыретті заң шығарушы орган ретін-
де республикалық және аймақтық мүдделердің үйлесуін қамтамасыз етуге,
заңды жобалау жұмысында жоғары сапаға қол жеткізуге өзінің қабілеттілі-
гін көрсетті.
Міне, осылайша, қазіргі стандарттарға және парламентаризм принцип-
теріне негізделген заң шығарушы билікті жаңғырту аяқталды. Мемлекеттік
билік тармақтары арасындағы тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесінің тиімді
механизмі жасалды.
Достарыңызбен бөлісу: