ҰЛЫ БЕТБҰРЫС. ҚАЗАҚСТАННЫҢ
ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫНЫҢ БАСТАЛУЫ
125
Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан болып, тұтастай
өңірлердің атымен аталды.
Нәтижесінде, мемлекеттік басқару жүйесі кәсіби, ықшам және саны
жағынан да оңтайлы бола түсті. Осы кезеңде
мемлекеттік қызметкерлер
25 мың адамға қысқарды. Осылайша, бюджеттік қаражаттан миллиондаған
теңге үнемделіп, сол уақыттың ең өткір мәселесі – зейнетақы мен жалақы
төлеуге жұмсалды.
Мемлекеттік қызмет реформасы үлкен қоғамдық сілкініс туғызды. Оны
жақтаушылар да, өткір сынағандар да болды. Біз сол кезде қарапайым
логиканы басшылыққа алдық. Еңбек адамының үстінен қарайтын сонша-
ма бастықтың не қажеті бар? Олар халықтан
жиналған салықтың есебі-
нен айлық алатын. Бұған өз облысының кірісі жетіп жатса жақсы. Жоқ, бұл
үшін өзін-өзі қамтамасыз етіп отырған облыстар есебінен ақша аударуға
тура келетін. Жылы орындарынан айырылған шенеуніктер, әрине, менің
шешіміме қарсы болды.
1998 жылдың 2 шілдесінде Қазақстан жаңадан тәуелсіздік алған мем-
лекеттердің ішінде бірінші болып «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
туралы» заңды қабылдады. Сол жылы осы заңның базасында мемлекет-
тік бағдарлама жасалды. Мемлекеттік бағдарлама орта мерзімдік кезеңге
(1999–2000 жылдар) есептелді. 1999 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қимыл жасайтын арнайы мемлекеттік комиссия құрылды.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес барлық деңгейде жүрді. Өз қызметін
теріс пайдаланған жоғары шенді
адамдар қызметінен айырылып, сотқа
тартылды. Сарапшылар атап өткендей, өз ісіне бақылау бар екенін, мұнан
былай жұмысы қатаң және принципті түрде бағаланатынын сезген шенеу-
ніктердің психологиясында өзгерістер көріне бастады.
Достарыңызбен бөлісу: