Конституцияға түзетулер енгізу (1998 жыл):
демократияның жаңа белесі
1995–1997 жылдары – басында Президент тұратын, ал атқарушы, заң
шығарушы, жергілікті және сот билігі – берік тұғыр боп табылатын саяси
вертикаль түпкілікті қалыптасты. Мемлекеттік механизм жетілді және соған
сәйкес аумалы-төкпелі жағдайларға қарай, билік құрылымының да үнемі
жаңарып тұруын өмірдің өзі талап етті.
1998 жылғы Жолдауымда мен Конституцияға бұрын жария етілген сая-
си ырықтандыру арнасында бірнеше түзетулер енгізуді ұсындым. Бұл түзе-
тулер, атап айтқанда, сайлау жүйесін жетілдіруге, әділ және еркін сайлау-
ды қамтамасыз етуге, саяси партиялардың рөлін арттыруға, Парламенттің
өкілеттігін кеңейтуге, азаматтық қоғамды жан-жақты дамытуға, баспасөз
бостандығын қамтамасыз етуге, тәуелсіз сот жүйесін қалыптастыруға, бар-
лық билік органдарында әйелдердің өкілдігін арттыруға қатысты болды.
Жолдау жарияланған бойда, 30 қыркүйекте Парламенттің қарауына
«Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар
енгізу туралы» заң жобасы берілді. Бұл заң жобасын талқылай отырып, де-
путаттар бюджеттің атқарылуына парламенттік бақылауды күшейту туралы,
ҰЛЫ БЕТБҰРЫС. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫНЫҢ БАСТАЛУЫ
127
әкімдерді кезең-кезеңмен сайлау туралы, сонымен қатар қос палата депу-
таттары мен Елбасының өкілеттік мерзімін ұзарту туралы ұсыныс жасады .
Жобаны бекіткенге дейін көп жұмыстар жүргізілді. Ақыр соңында 1998
жылдың 7 қазанында заңның түпкілікті нұсқасы қабылданды. Конституция-
ға елдегі саяси институттардың әрі қарай дамуына жаңа серпін берген 19
түзету енгізілді.
Міне, осы кезден бастап төменгі палатаға сайлау тек бір мандатты округ-
тер бойынша ғана емес, партиялық тізім бойынша да жүргізілді. Мәжілісте
партияларға 10 қосымша орын бөлініп, бұл орындар – жинаған дауыс са-
нына қарай партиялық тізім бойынша сайлауға түскен үміткерлерге бөлініп
берілді. Міне, осылайша партиялар депутаттық мандат үшін күреске тікелей
қатысатын болды. Сөйтіп, аралас сайлау жүйесіне көшу осылай басталды.
Қабылданған түзетулер Конституцияны өзгерту мен Үкіметті бақылау
мәселелерінде Парламенттің өкілеттігін кеңейтті. Тәуелсіз сот жүйесінің
маңызды құралы – алқабилер соты болды. Президент өкілеттігі 7 жылға
дейін ұзартылды, сенаторлар – 6 жылға, Мәжіліс депутаттары 5 жылға
сайланатын болды. Мемлекеттік қызметкерлер және президентікке кан-
дидаттар үшін жас шектеуі жойылды, сонымен қатар сайлау учаскесіне
келушілердің сандық шегі алынып тасталды (бұрын сайлау өту үшін кемін-
де сайлаушылардың 50 проценті қатысуы талап етілетін). Конституциядағы
сайлаушылардың сандық шегіне қатысты өзгерісті Қазақстан өзге де демо-
кратиялық елдердің үлгісімен жасаған еді.
1998 жылдың қазан айында Қазақстан Республикасының Конституция-
сына енгізілген түзетулер саяси жүйенің дамуы мен елді демократиялан-
дыруға жаңа серпін берді.
Содан бері қанша жыл өтсе де, жұмыс үстелімде жатқан Конституция-
мызға көзім түскенде, сол кездегі оқиғалар ап-айқын көз алдыма келеді.
Жобамен қалай жұмыс істегеніміз, әр бапты қызу талқыға салғанымыз,
Конституцияны халық талқылауына ұсынғанда қалай толқығанымыз – бәрі-
бәрі көз алдымда.
Қолым қалт еткенде Конституциямыздың баптарын қайталап оқып
шығам. Сол кезде бәрін дұрыс істеген екенбіз деп ойлаймын.Соның бір-
ден-бір дәлелі – Қазақстанның мемлекеттік құрылыстағы және экономика-
ны реформалаудағы жетістіктері. Конституциямыздың негізгі қағидаларына
сүйеніп, нарық экономикасына көштік және демократиялық қоғамның не-
гізін қаладық. Демократияның ең маңызды институты – парламентаризмді
дамыту үшін барлық жағдай жасалды. Қос палаталы Парламент уақыт сы-
нынан абыроймен өтті.
128
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
Достарыңызбен бөлісу: |