НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет84/293
Дата14.05.2022
өлшемі3,95 Mb.
#143242
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   293
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Қарулы күштер реформасы 
ХХ ғасыр соңындағы күрделі халықаралық жағдайға байланысты ел 
басшылығы егемен елдің қорғаныс қабілетін арттыруға ерекше мән беруге 
тиіс болды. 
Ұлттық әскери доктринаның негізгі қағидалары «Қазақстан-2030» 
стратегиясында да ашып көрсетілген. Біз бейбітшіліксүйгіш халықпыз. 
Ешкімнің жеріне де, байлығына да көз алартпаймыз. Жеріміз де, 
жеріміздің кені де бар. Ал байлықты – адал еңбегімізбен жинаймыз. 
Әйтсе де мемлекет өзінің әскери қуатына сүйене отырып, өзін-өзі 
қорғайтын қабілетке ие болуы керек, сондықтан мен, ең алдымен, Қа-
рулы күштерімізді құруға және жаңғыр туға, олардың кәсіби дайындығы 
мен жауынгерлік әзірлігіне, әскерімізді осы заманғы қару-жарақпен жа-
рақтандыруға назар аудардым.
1997 жылдың 17 қарашасындағы «Қазақстан Республикасы Қарулы 
күштерін реформалау туралы» Жарлығыммен Қазақстан Қарулы күштері 
құрылымына өзгеріс енгізіп, әскеріміз бейбітшілік кезеңде де, төтенше 
жағдайларда да талап етілетін міндеттерді бірдей орындай алатындай 
етіп қайта құрдым. Жалпы мақсаттағы Күштер, Әуе қорғаныс күштері және 
Мемлекеттік шекараны қорғау күштері құрылды.
1998 жылдың 26 маусымында «Ұлттық қауіпсіздік туралы» заңға қол 
қойдым. Мұнда жаңа кезеңдегі республиканың ұлттық мүддесі, ұлт мүд-
дені қорғау қағидалары, еліміздің қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатердің ал-
дын алу жайы айқындалды. Өйткені шекарамызға жақын жерлерде әскери 
шиеленістер өршіп кетті. Ауғанстан талибтердің қол астында болды. 1999 
жылдың тамызында «Өзбекстан ислам қозғалысы» лаңкестік ұйымдары-
ның жасақтары Қырғызстанның аумағына баса-көктеп кірді.
1999 жылдың желтоқсанында Қауіпсіздік Кеңесі отырысында Қазақстан-
ның 1999–2005 жылдарға арналған ұлттық қауіпсіздік стратегиясы ұсыныл-
ды. Құжатта аймақтағы жағдай терең талданып, елдің әскери қауіпсіздігін 
қамтамасыз ету, Қарулы күштерді және республиканың басқа да әскери 
құрылымдарын қазіргі жағдайға бейімдеу жолдары айқындалды. Сонымен 
қатар стратегия өміршең әскери саясат ұстанып, нақты экономикалық және 
техникалық мүмкіндіктерді пайдалануды және сырттан келетін қауіп-қатерді 
анықтап, алдын алу қағидаларын тұжырымдады. 
Бұрынғыдай бірінші кезекте офицер кадрларын даярлау мен әскери 
ғылымды жан-жақты дамытуға мән берілді. 1997 жылдың ақпанында Алма-
ты жоғары әскери командалық училищесі – Әскери академия, кейін Ұлттық 
қорғаныс университеті болып қайта құрылды. 1997 жылдың мамырында 


132
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті институтының база-
сында ҰҚК академиясы құрылды. 
1996 жылы Қорғаныс министрлігі жанынан кіші командирлер дайын-
дайтын Кадет корпусы құрылды, 1999 жылы Сағадат Нұрмағамбетов атын-
дағы «Жас ұлан» әскери мектебі ашылды. Бұл мектепте Ұлттық гвардияның 
болашақ жауынгерлері – ұландар 7–11 сынып мектеп бағдарламасымен қа-
тар, әскери пәндерді игеріп, жүйелі білім ала бастады. 
1990 жылдың екінші жартысы – ел қауіпсіздігін нығайтудағы және Қару-
лы күштерді құру мен тұрақтандырудағы маңызды кезең болды. 
Мемлекетіміз экономикалық қиындықтарды бастан кешіп жатқан кезең-
де жүзеге асырылған әскери саладағы құрылымдық өзгерістер – еліміздің 
заманауи, ықшам, жоғары мобильді, жақсы жабдықталған әрі қуатты Қару-
лы күштерінің негізін қалауға мүмкіндік берді. 


ҰЛЫ БЕТБҰРЫС. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫНЫҢ БАСТАЛУЫ
133


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет