134
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
Жаңа үшінші кезеңде отандық өнеркәсіптің көшбасшылары –
ірі кәсіп-
орындар және электр энергетикасы мен мұнай өнеркәсібі сияқты стратегия-
лық салалар нысандары жекешелендірілді. Бұдан былай мемлекеттік мен-
шік жеке қолға тек бір ғана жолмен – сатып алу жолымен көшетін болды.
Экономиканың барлық салалары үшін арнайы бағдарламалардан басқа,
кәсіпорындар үшін жеке жобалар әзірленді. Бұл жобалар сарапшылар
бағалауы негізінде, орталық және жергілікті биліктерден түскен ұсыныстар-
ды ескере отырып жасалды.
Атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша, 14,5 мыңнан астам мемле-
кеттік меншік нысандары жекешелендірілді. Осы кезеңде өндіріске капитал
салуға жеткілікті ресурстары бар өзіміздің отандық
инвесторлар алғаш рет
белсенділік танытты.
Ірі кәсіпорындарды сенімді басқаруға беру және одан кейін сату нәтиже-
сінде мемлекеттік және жекеменшік капиталының қатысуымен жаңа өнер-
кәсіп алыптары – «Қазақмыс»,
Еуразиялық топ, «Қазмырыш», «Қазхром»
және т. б. құрылды.
1999 жылы басталған жекешелендірудің төртінші кезеңінде барлық мем-
лекет меншігі республикалық және коммуналдық болып екіге бөлінді. Ком-
муналдық меншікке – мемлекетке тиесілі әртүрлі бизнес-құрылымдардағы
акциялар, 953 акционерлік қоғам мен серіктестіктер үлестері өтті. Бұл ны-
сандар жергілікті билік органдарының шешімі бойынша жекешелендірілуі
мүмкін еді.
Жалпы алғанда, 1991–2000 жылдар аралығында жүргізілген жекешелен-
діру (шағын, жаппай, жеке) барысында жеке қолға жалпы сомасы 215,4 мил-
лиард теңге болатын 34,5 мың нысан көшті. Жекешелендіру процесінде
қоғамда әр алуан пікір тудырған олқылықтар болғанына қарамастан, осы-
ның негізінде жекеменшік иелері мен еркін кәсіпкерлердің жаңа әлеу меттік
топтары құрылды. Жекешелендіру процесі елдің әрі қарайғы әлеу меттік-
экономикалық дамуында жағымды ықпалы болды.
Осылайша, Қазақстан
экономикасы ырықтандырылған нарық жолына нық қадам басты.
Достарыңызбен бөлісу: