НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


Зейнетақы реформасы: шешімін тапқан күрмеулер



Pdf көрінісі
бет89/293
Дата14.05.2022
өлшемі3,95 Mb.
#143242
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   293
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Зейнетақы реформасы: шешімін тапқан күрмеулер 
1990-жылдары Қазақстанда әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың 
қиын кезеңін басынан өткізген басқа да тәуелсіз елдердегідей, бала туу-
дың азаюының жағымсыз үрдісі байқалды. Соның салдарынан еліміз-
де демографиялық қартаю белгілері біліне бастады. Егер 1990 жылы 60 
жастан асқан азаматтар саны халықтың 10 процентін құраса, 1995 жылы 12 
процентін құрады. 1990 жылы бір зейнеткерге еңбекке қабілетті жастағы 
үш қазақстандық сәйкес келсе, ал 1996 жылы бұл көрсеткіш екіге де жетпей 
(1,8 процент ) қалды. 
1990 жылдың ортасында зейнетақы жүйесінде іркіліс көп болды. Зейнет-
ақы кешіктіріліп берілді. Тек 1995 жылдың өзінде зейнетақы көлемі ақша-
ның құнсыздануы себебінен үш рет қаралды, нәтижесінде орташа зейнет-
ақы екі есеге өсті. 1997 жылдың қаңтарында елде 2,9 миллион зейнеткер 
болды. Бұл – барлық халық санының 17 проценті. Зейнетақының өсуі мен 
зейнеткерлер санының көбеюі мемлекеттік бюджетке қосымша салмақ 
түсірді. 1995 жылы зейнетақыға 46 миллиард теңге бөлінді, сонымен бірге 
зейнетақы бойынша берешектер көбейе берді. 
Қалыптасқан экономикалық және демографиялық жағдайға байланыс-
ты зейнетақы реформасын кейінге қалдыруға болмайтын еді. 1997 жыл-


140
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
дың наурызында Үкімет Зейнетақы жүйесін реформалау тұжырымдамасын 
бекітіп, сол жылдың 20 маусымында «Қазақстан Республикасында зейнет-
ақымен қамтамасыз ету туралы» заң қабылданды. 
Реформаның мәні мен маңызы сонда – біз таратушы зейнетақы жүйе-
сінен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне көштік. Үлгі ретінде Чили моделі 
алынды. Таратушы немесе ынтымақтастық жүйесінде зейнеткерлерді жұ-
мыс істейтін отандастары қамтамасыз етеді – зейнетақы солардың жарна-
лары мен салықтарынан құралады. Жинақтаушы жүйе – жұмыс берушінің 
қызметкердің жеке жинақтау шотына аударған қаржысынан құралады, яғни 
қызметкер еңбекке араласқан кезден бастап өзінің қаржылық қорын жи-
нақтайды, сөйтіп өзін-өзі қамтамасыз етеді.
1997–1998 жылдары зейнетақы реформасын негізгі үш мекеме – Зей-
нетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық (ЗТМО), жарналардың сақта-
луына мемлекет кепілдік беретін Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры 
(МЖЗҚ) және Ұлттық зейнетақы агенттігі жүргізді. Зейнетке шығу мерзімі 
ұзартылды. Ерлер – 63 жастан, әйелдер 58 жастан зейнетке шығатын бол-
ды.
1998 жылдың қаңтарында МЖЗҚ-да зейнетақы жарналарын қабыл-
дау басталды. Содан бері барлық жұмыс істейтін азаматтар міндетті түр-
де тапқан табысының 10 процентін МЖЗҚ-ның дербес шотына аударады. 
2001 жылдан кейін зейнетке шыққан адамдарға зейнетақы ЗТМО арқылы 
ішінара – республикалық бюджеттен, ішінара МЖЗҚ-ның дербес шотынан 
төленіп отырды. Бұл ретте, МЖЗҚ қаржысынан зейнетақы алуы үшін ер-
лердің – 25 жыл, әйелдердің 20 жыл еңбек өтілі болуы керек.
Қазақстан жаңа тәуелсіз мемлекеттер арасында бірінші болып зейнет-
ақы реформасын жүргізді және оның нәтижесі де көп күттірген жоқ: мемле-
кеттің зейнетақы және жәрдемақы төлеу бойынша берешегі 50 миллиард 
теңге болса, 1999 жылдың соңына қарай бұл толығымен өтелді. Осылайша 
зейнетақы саласындағы дағдарыс өз шешімін тапты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет