НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет91/293
Дата14.05.2022
өлшемі3,95 Mb.
#143242
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   293
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Азиядағы қаржы дағдарысы және 
ұлттық экономикалық мүддені қорғау 
1990-жылдарда құрылған Қазақстанның жаңа нарықтық экономикасы-
ның тұрақтылығы тек ішкі факторларға ғана емес, жалпы әлемдегі жағдай-
ларға да тәуелді еді. 1997 жылы шілдеде Малайзия мен Тайландта қаржы 
дағдарысы болып, мұның соңы осы елдердің ұлттық валютасының құнсыз-
дануына әкеліп соқтырды. Ақшаның тап осылай құнсыздануы – бұл елдер-
де бұрын-соңды болмаған жай еді. Қаржы апаты бүкіл Оңтүстік-Шығыс-
ты және Шығыс Азияның бір бөлігін, содан кейін ондаған мемлекеттердің 
қаржы нарығын тұрақсыздандырып, Латын Америкасына ауысты. 
Әлемдік нарықтағы жағдай Қазақстан өндірушілері мен экспорттаушы-
ларына да оңай тиген жоқ. Мәселен, мұнай бағасы 25 процентке төмен-
деді, ал 1998 жылы одан сайын құлдырап, баррелі 12 долларға түсті. Мыс 
пен қорғасын күрт арзандады. 
Шикізаттың экспорттық бағасының төмендеуі Қазақстанның сыртқы 
сау да теңгеріміне қатты әсер етті, бюджетке түсетін түсімдер қысқарды, ұзақ 
тоқыраудан соң енді-енді қалыпты жұмыс ырғағына түскен ірі өндіруші 
және өңдеуші кешендердің тоқтап қалу қаупі туды. 
Ресей Федерациясының үкіметі 1998 жылдың 17 тамызында жариялаған 
техникалық дефолттан соң, рубль құнсызданды, ол біздің нарыққа ресейлік 
өндірістің күрт арзандаған тауарларының ағылуына әкелді. Бұл жағдай қа-
зақстандық тауар өндірушілердің позициясын айтарлықтай әлсіретті. 
Елде арзандаған шетел валютасына деген жаппай сұраныс пайда бол-
ды. Ұлттық банк теңге бағамын ұстап тұру үшін қолданған шаралар ал-
тын-валюта қорының қысқаруына әкеліп соқтырды. 
Осындай жағдайда біз жедел әрі жүйелі әрекет жасадық. 1998 жылы 
Қазақстан халқына арнаған Жолдауымда дағдарысқа қарсы күрес бағдар-
ламасын жария еттім. Жолдауды жүзеге асыруға 25 миллиард теңге қаржы 
бөлінді. Жағдайды тұрақты түрде бақылау және болуы мүмкін кез келген 
өзгерістерді назарда ұстау үшін Экономикалық саясат жөніндегі кеңес 
құрылды, оған Үкіметтің экономикалық блогының өкілдері мен Ұлттық банк 
төрағасы кірді. Бұл шара Қазақстан кәсіпорындарын, банктерін, тұтынушы-
ларын және тұтастай алғанда экономикамызды қорғау үшін барлық шара-
ларды қолдануға мүмкіндік тудырды. 
Қаржы саласын тұрақтандыру үшін ұлттық валюта бағамын ретке кел-
тіру керек болды. Валюта нарығындағы теңгенің тұрақтылығын сақтау үшін 
азаматтар мен банк жүйесіндегі экономикалық субъектілердің сенімін 
жоғалтып алмауға күш салдық. Ресейдегі жағдай салыстырмалы түрде бір 


ҰЛЫ БЕТБҰРЫС. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫНЫҢ БАСТАЛУЫ
143
қалыпқа түсіп, Қазақстанда ақшаның құнсыздануы төмендеген кезде – 
1999 жылы сәуірде теңгенің еркін өзгермелі айырбасына көшу арқылы бұл 
мәселені де шештік. 
Менің бастамаммен жасалған шешуші шаралар тізбегі бірден жақсы 
нәтиже берді. 1999 жылдың екінші жартысынан бастап теңгенің еркін өз-
гермелі айырбас бағамына көшуі Қазақстан экспортының дамуына жаңа 
серпін беріп, өндірістің дамуына қозғау салды. Жыл қорытындысы бой-
ынша елдің төлем теңгерімі едәуір жақсарды, алтын-валюта қорлары өсті, 
банк жүйесі нығайды. Ең бастысы – өндірістің дамуы қалпына келтірілді. 
Экономикалық жүйе шеңберінде жинақталған қаражат ішкі инвестиция-
лардың маңызды көзі болғандықтан, салымшылардың мүдделерін қорғау 
өзекті мәселеге айналды. Бұл мәселені шешу үшін 1999 жылдың қараша ай-
ында Қазақстанның жеке тұлғаларының салымдарына кепілдік беру қоры 
құрылды. Оның құрылтайшысы және бірден-бір акционері Ұлттық банк бол-
ды. Жаңа құрылымның негізгі міндеті – халықтың екінші деңгейдегі банктер-
дегі депозиттерін сақтандыру еді. Бұдан былай банкротқа ұшыраған жағдайда 
немесе екінші деңгейдегі банктерді мәжбүрлеп тарату кезінде салымшыларға 
700 мың теңге көлеміндегі салымдарын өтеуге кепіл дік берілді (одан әрі кеп-
ілдендірілген сома айтарлықтай ұлғайтылды). Бұл шара Ұлттық банк жүйесіне 
деген азаматтардың сенімін нығайтып, коммерциялық банктердегі дербес са-
лымдар көлемінің өсуіне себеп болды. Нәтижесінде нақты сектор жобасына 
жеке инвестициялар салуға қолайлы жағдай жасалды.
1998 жылдан бастап, мемлекеттік инвестициялық саясаттың басым 
бағыты ретінде инфрақұрылымға және тіршілік қажетін қамтамасыз ететін 
объектілерге айрықша көңіл бөлінді. Бұл салаларға ауқымды мөлшерде 
инвестициялық қолдау көрсетіліп, салықтық жеңілдіктер жасалды. Бюджет-
ке берешекті өтеу төлемдерін кейінге қалдыру тәртібі енгізіліп, айыппұлдар 
мен өсімпұлдар алынып тасталды.
Дағдарыстың сыртқы қысымына қарсы тұру үшін ұлттық экономикалық 
мүдделерді қорғауды қамтамасыз ету қажеттігін көрсетіп, Үкіметке нұсқау 
бердім. Осы міндеттің аясында ішкі нарықты қорғауға бағытталған бірқатар 
шара қабылданды. Атап айтқанда, Қазақстанда 1999 жылдан бастап азық-түлік 
тауарларының, сонымен қатар кейбір өндірістік-техникалық мақсаттағы тауар-
лардың импортына шектеулер қойылып, отандық өндірушіні демпингтік баға-
мен тауарлар әкелушілерден қорғау үшін заңнамалық база құрылды. 
Экспорт мәселелерін шеше отырып, мемлекет АҚШ-та демпингке қар-
сы туындаған даулы мәселелерді талқылау кезінде бірнеше рет өз талабын 
орындатты. Нәтижесінде америкалық сауда әкімшілігі Солтүстік Америка 
нарығына экспортталатын қазақстандық өнімдердің кейбір түрінен баж са-


144
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
лығын алып тастауға мәжбүр болды. Қазақстан осылайша өз тауарларын 
саудаға шығаратын аймақты кеңейтті. Сыртқы сауданы дәйекті түрде либе-
ралдандыру арқасында тауарлардың экспорты мен импортына лицензия 
беру тәртібі оңайлатылды. 
1990-шы жылдардың соңында қабылданған дағдарысқа қарсы шаралар, 
атап айтқанда, банктік реформа алдағы онжылдықтардағы экономиканың да-
муы үшін берік негіз қалады. Тәуекелге баруды талап ететін жағдайларда тез 
әрі батыл қимылдау қажеттігін мен түбегейлі бетбұрыс басталған 1995 жылы 
айтқан едім. Мұндай жағдайда кібіртіктеп, жайбасарлыққа салыну ел үшін де, 
қоғам үшін де өте қауіпті. Бұл стратегия өзін ақтады. Мүлде өзгеріп, экономи-
касы жаңа сипатқа ие болған Қазақстан 1997–1998 жылдардағы қаржы дағда-
рысы кезінде жоғалтқандарын түгендеп, дефолттан құтылды және Азиядағы 
қаржы дағдарысына төтеп беріп, күрделі кезеңнен абыроймен өтті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет