НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


Қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер



Pdf көрінісі
бет94/293
Дата14.05.2022
өлшемі3,95 Mb.
#143242
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   293
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер. 
Азаматтық қоғамды одан әрі дамыту 
1990-шы жылдардың алғашқы жартысында үкіметтік емес ұйымдар 
(ҮЕҰ), негізінен түрлі жобалардың жүзеге асырылуына гранттар ұсынған 
шетелдік қорлар арқылы қаржыландырылды. Мұндай тәсіл, өкінішке қарай, 
грант алушылардың жұмысты ұлттық мүдделермен әркез үйлесе бермейтін 
шетелдік мемлекеттердің мүддесіне сай жүргізуіне жол берді, сонымен бір-
ге азаматтық сектордың дамуын тежеп тұрды. 
1994 жылы жаңа Азаматтық кодекс, ал 1996 жылы «Қоғамдық ұйымдар 
туралы» заң күшіне енді, олар үкіметтік емес ұйымдар санының өсуіне се-
беп болды. Экология, қауіпті аурулардың алдын алу, ғылым мен білім, адам 
құқықтарын қорғау және тағы басқа әртүрлі бағыттардағы ҮЕҰ пайда бол-
ды. 
1990-шы жылдардың екінші жартысы қоғамдық бірлестіктер мен үкімет-
тік емес ұйымдарды дамытудағы маңызды кезең болды. Елдегі қоғамдық 
ұйымдар мен бірлестіктердің саны артты. 
1997 жылдың ақпанында 55 саяси партия, қоғамдық бірлестік және 
этномәдени орталық мемлекеттік билік органдарымен ынтымақтастық 
жөніндегі келісімге қол қойды және, осылайша, азаматтық әлемнің сақта-
луына қатысты жауапкершіліктің бір бөлігін өз мойындарына алды. Тағы 
бір маңызды жайт: осындай қоғамдық-саяси диалогі біріктіруші алаң Қа-
зақстан халқы Ассамблеясы болды.
Мен 1998 жылғы Жолдауымда демократияландырудың басты элементі 
үкіметтік емес ұйымдардың азаматтық қоғам құрудағы рөлін нығайту екенін 
баса айтқан болатынмын. Елбасы ретінде, мен ҮЕҰ жұмысының азамат-
тық қоғам үшін сөзсіз пайдасын көрдім – өйткені осындай демократиялық 
институттардың арқасында, азаматтар саяси өмірге атсалысып, өз еңбегін 
басқа азаматтардың игілігіне, өз елінің игілігіне арнай алады, келіспеушілі-
гін білдіріп, өз мүдделерін қорғай алады.
1999 жылы облыс әкімдіктеріне қарасты аймақтарда «ҮЕҰ ақпарат ор-
талықтары» ашылды, олардың басты міндеті – аймақтық үкіметтік емес ұй-
ымдармен бірлесе әрекет етіп, кеңес беру жөнінен көмек ұсынып, ақпа-
раттық қолдау көрсету болды. 
Қоғамдық секторды дамыту экономикалық, әлеуметтік және саяси 
мәселелердің шешіміне де оң септігін тигізді, ал ҮЕҰ қоғамдық-саяси қа-
тынастарды демократияландыру және Қазақстандағы азаматтық қоғамды 
қалыптастыру ісінің бұрынғыдан да ілгері қадам басуына мүмкіндік берді. 


150
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет