98
микроскоп анықтады. Электрондық микроскоппен кірпікшелер мен
талшықтардың кӛлденең кесіндісін зерттеу, олардың плазмалеммамен
қоршалғанын,
матриксінің ортасында екі, шетінде 9 жұп түтікшелер
орналасқанын кӛрсетті. Аталған формула кӛп клеткалы жануарларда кең
тараған. Бірақ, кӛп клеткалы жануарлардың кірпікшелері мен талшықтарын
егжей-тегжейлі зерттеу олардың 9+2 стандарттық формуласынан ӛзге 9+9+2
түрлерінің болатынын анықтады. Кейбір сүтқоректілер мен омыртқасыз
жануарлардың кӛбісінің сперматозоидтарындағы талшықтарда орталық жұп
және 9 шеткі дуплеттердің аралығында, оларды байланыстыратын 9
қосымша фибриллалардан тұратын қатар болатынын 9+9+2 кӛрсетті.
Жануарлардың кейбір топтарының сперматозоидтарындағы талшықтарында
екі орталық микротүтікшелер болмауы мүмкін, ал олардың рӛлін
электрондық тығыз заттан тұратын цилиндр атқарады. Микротүтікшелер
арасында гомогенді зат болады. Микротүтікшелердің тӛменгі ұшы
клетканың цитоплазмасына батып тұрады. Әрбір жеке кірпікшелер мен
талшықтардың негізінде базальдік денешіктер (кинетосомалар) бар.
Кірпікшелер мен талшықтардың нәзік кұрылысында айырмашылық жоқ,
олардың диаметрі 200 нм (0,2 мкм) шамасында.
Электрондық микроскоп кірпікшелер мен талшықтардың 9
шеткі жұп
микротүтікшелері базальдік денешікпен ғана байланысатынын, ал олардың
орталық микротүтікшелері базальдік денешікке жетпей аяқталатынын
анықтады. Базальдік денешіктер цитоплазманың эктоплазмалық қабатында
орналасады. Кірпікшелердің негізінде орналаскан базальдік денешіктер
(кинетосомалар) ӛздерінің құрылыстары жағынан центриольдарға ұқсас.
Кірпікшенің ішінде микротүтікшелерден тұратын күрделі құрылым
аксонема орналасқан. Бұл терминді Форе-Фремье (1962) ұсынған болатын,
кірпікшелердің орталық фибриллаларының грануласы деп те атайды.
Базальдік денешік пен центриольдан аксонеманың айырмасы құрамында
аксонеманың
цилиндрінің
сыртқы
қабырғасын
құрайтын
микротүтікшелердің тоғыз дуплеттері болады. Микротүтікшелердін
шеткі
дуплеттерінен басқа аксонеманың ортасында жұп орталық микротүтікшелер
орналасқан. Кірпікшелердің микротүтікшелерінің жүйесін 9+2 деп
белгілейді, ал центриольдар жүйесінің формуласы 9+0+0. Базальдік
денешіктер центриольдардың туындысы, ал кірпікшелер мен талшықтар
базальдік денешіктерден дамиды. Базальдік денешіктерден цитоплазмаға
бір немесе бірнеше жіптер тарайды.
Қоршаған орта факторларынан энергия,
температура, электр тоғы
кірпікшелер қозғалысына әсер етеді. Сонымен қатар, кірпікшелердің
қозғалысы ортада натрий, калий, кальций, магний, рубидий, цезий иондары
99
мен кӛптеген аниондардың болуына тәуелді. Кальций мен магний иондары
ортада болмаған жағдайда кірпікшелер қозғалысы тоқтап қалады.
Ежелгі эукариотты клеткалар қозғалысының мүшелері кірпікшелер,
себебі олар гетеротрофты немесе автотрофты тіршілік ететін бір
клеткалыларда пайда болған. Ӛсімдіктердегі
зооспоралардың барлық
типтері кірпікшелермен және талшықтармен жабдықталған, сонымен бірге
кӛп клеткалы жануарлар организмінің барлық ӛкілдерінде де кездеседі.
Қозғалыс функцияларының барлық түрінің энергиялық принципі бір,
жиырылғыш белоктардың АТФ типті макроэргиялық қосылыстармен
әрекеттесуі және АТФ кұрамындағы химиялық энергияның механикалық
энергияға айналуы. Сонымен қозғалыстың барлық
типінің негізінде бір
биохимиялық принцип жатады.
Достарыңызбен бөлісу: