1.8.3 Клетканың қозғалысы Қозғалу қабілеті тірі материяның маңызды қасиеті. Белгілі дәрежедегі
қозғалыс жасушалардың бәріне тән. Қозғалыстың бірнеше түрі бар.
Жасушаның цитоплазмасы үздіксіз қозғалып тұрады, онымен бірге ондағы
митохондриялар, сферосомалар (микросомалар), пластидтер және басқа
клетка ішіндегі құрылымдар да қозғалыста болады. Жасушаның ядросы да
айналып қозғалып тұрады. Синтезделген жіп пішінді белок молекуласы
матрицадан түсіп, ӛзінің екінші және үшінші кұрылысын қалыптастыру
кезінде қозғалыстың күрделі түрлерін байқатады. Кейбір жасушаларда
кірпікшелер мен талшықтар сияқты қозғалысты қамтамасыз ететін
мамандалған құрылымдар бар. Бұлшық ет жасушаларының жиырылуымен
қамтамасыз етілетін қозғалыс, сол жасушалардың негізгі арнайы қызметі.
Барлық қозғалыс реакцияларына тән, жалпы ортақ молекулалық механизм
болады.
Жасушалар қозғалысының негізгі формаларына жататындар: