Негіздері



Pdf көрінісі
бет140/381
Дата14.05.2022
өлшемі8,4 Mb.
#143344
түріОқулық
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   381
Байланысты:
tұңғyshbaeva-z.b.-czitologiya-zhәne-gistologiya-almaty-2015-274-bet. (1)

Бҧлшық еттік қозғалыс.
Кӛп клеткалы жануарлар организмінің 
жиырылғыш мамандалған клеткаларының цитоплазмасында жиырылғыш 
фибриллалар, миофибриллалар (грекше mys — бұлшық ет) болады. 
Миофибриллалар әсіресе қаңқа бұлшык ет клеткасында, бірыңғай салалы 
бұлшық ет клеткаларында және жүрек еттерінде кӛп болады. Омыртқалы 
жануарлардың бұлшық етінің негізгі жиырылғыш белоктары 
миозин
мен 
актин
. Актин миозинмен қосылып актомиозиңді құрайды. Актомиозиннің 
жалпы санының 15-20% актин. Кӛлденең салалы бұлшық ет негізінде 
миозиннен тұрады. Миозиннің ең құңды ерекшелігі Са
2+
ионының 
қатысында АТФ-ты АДФ пен анорганикалық фосфатқа гидролиздейтін 
қабілеті. В. А. Энгельгард пен М.Н. Любимова 1939 ж. миозиннің 
аденозинтрифосфатазалық (АТФ-азалық) белсенділігін ашқан. Жиырылғыш 
аппарат белоктарының 90% жуығын миозин мен актин және тропомиозин
құрайды. 
Жарық микроскопынан кӛрінетін миофибриллалардың кӛлденең 
жолақтылығы, актин мен миозин жіптерінің орналасуына байланысты 
екенін электрондық микроскопиялық зерттеулер анықтады. Әрбір жеке 
миофибрилла кезектесіп орналасқан ақшыл және күңгірт бӛліктерден, 
дискілерден тұрады. Күңгірт бӛліктер анизатропты дискілер (А-дискілер), 
ал ақшылы изотропты (І-дискілер) деп атайды. А дискі Н дискі, немесе 
Гензен жолағымен, екі тең бӛліктерге бӛлінген. І дискінің ортасынан 
біркелкі күңгірт Z
 
жолағы ӛтеді. Екі 

жолағының (дискінің) арасындағы 
миофибрилла бӛлігі, оның негізгі элементі саркомер. 
 
Электрондық микроскоптық зерттеулер бойынша әрбір миофибрилла 
жіңішке жіптер — протофибриллалардың (немесе миофиламенттердің) 
шоғыры. Олардың диаметрі саркомердің түрлі бӛліктеріңде әртүрлі. 
Протофибриллалардың екі типі бар: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   381




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет