Негіздері


ЭМБРИОЛОГИЯНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ



Pdf көрінісі
бет191/381
Дата14.05.2022
өлшемі8,4 Mb.
#143344
түріОқулық
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   381
Байланысты:
tұңғyshbaeva-z.b.-czitologiya-zhәne-gistologiya-almaty-2015-274-bet. (1)

1.10.1 ЭМБРИОЛОГИЯНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ 
Сүтқоректілер ұрығының дамуы жӛніндегі мәліметтер кӛне Үндістан, 
Қытай, Египет, Вавилония, Ассирия ғалымдарының шығармаларынан 
кездестіруге болады. 
Кӛне Грекия ғалымдары (Эмпидокл, Анаксагор, Демокрит, Плутарх т. 
б.) жануарлардың жаралуы мен эмбриондық даму фактілерін түсіндіруге 
әрекет жасаған. Бұл ғалымдардың кӛзқарастары — материалистік 
кӛзқарасқа жатады. Ағзалардың дамуы жӛніндегі белгілі мәліметтер мен 
маңызды эмбриологиялық ұғымдардың қалыптасуын Гиппократ (біздің 
эрамызға дейінгі ІҮ ғасыр) пен Аристотельдің (біздің эрамызға дейінгі 384-
322 жылдар) есімдерімен байланыстырады. Аристотельдің эмбриология 
жӛніндегі негізгі еңбегі «Жануарлардың пайда болуы туралы» деп аталады. 
Осы еңбегіндегі мәліметтерден басқа эмбриологиялық деректер оның 
«Жануарлар тарихы» мен «Жануарлардың бӛліктері туралы» және «Тыныс 
алу туралы», «Жануарлардың қозғалуы жӛнінде» деген шығармаларында 
кездеседі. Аристотель тауық жұмыртқасының даму барысындағы түрлі 
кезеңдерін жарып зерттеген. Сонымен қатар акуланың, дельфиннің дамуын 
да зерттеген; араның партогенездік дамуын байқаған. Адам ұрығын 
зерттегені жӛнінде мәлімет жоқ. Аристотельдің байқауларының бәрі бірдей 


133 
дұрыс болмаған, ал кейбір мәліметтерінің тарихи маңызы да жоқ. Бірақ, 
Гиппократ пен Аристотельдің зерттеулері эмбриологияның дамуына үлкен 
әсерін тигізген. Эмбриондық дамуды жүйелі зерттеу микроскоп шыққаннан 
кейін ХҮІІ ғасырдың бірінші жартысынан басталады. Италиялық эмбриолог 
Джироламо Фабриций (1537-1619) адамның және түрлі жануарлардың — 
қоянның, теңіз шошқасының, иттің, мысықтың, қойдың, шошқаның, 
жылқының, сиырдың, акуланың, рептилийлердің, құстардың т. б. 
ұрықтарын зерттеген. Тауықтың балапаны халазадан дамитын
болар деп 
санаған. Фабрицийдің шәкірті Вильям Гарвей (1578-1657) балапанның 
ұрығы сарыуыздың үстіңде жайғасқан кішкене дӛңгелектен дамиды деп ӛз 
ұстазының қатесін түзеген. Эмбриология тарихындағы маңызды кезең 
«Жануардың пайда болуы жӛнінде» (1651 ж.) деген В. Гарвейдің кітабынан 
басталады. Ол бұл еңбегіңде ұрықтың даму процесінде мүшелердің жаңадан 
пайда болу мәселелерін қарастырған, эмбриогенез жӛніңдегі кейбір ескі 
кӛзқарастарды да сынаған. «Тірінің бәрі жұмыртқадан дамиды» — деген 
афоризм де В. Гарвейдікі. 
Кӛптеген еңбектердің авторы болғанмен Галеннің эмбриология 
тарихындағы орны айтарлықтай емес. Аллантоистың, амнионның, плацента 
мен ұрық қаптарының құрылысы біршама дәл баяндаған. Ұлы Авиценна, 
немесе Ибн-Сина (толық аты Абу Али-ль-Хасан ибн Абдаллах ибн Сина) 
ӛзінің «Медицина канонының» кейбір тарауын ұрықтың
дамуына арнаған, 
бірақ Галеннің түсініктеріне ешбір жаңалық енгізбеген. 
Левенгук 
пен 
Гам 
жануарлар 
шәуетіндегі 
(спермасындағы) 
сперматозоидтарды кӛрген. Түрлі проблемалармен кӛп шұғылданған 
Марчелло Мальпиги (1628-1694) «Жұмыртқаны құстың басуы» және 
«Жұмыртқадағы балапанның пайда болуы туралы» деген екі трактатын 
жариялаған. Ол инкубацияның бірінші сағаттарынан бастап ұрықтың 
дамуын баяңдаған, бірақ оның бұл еңбектерінің тарихи ғана маңызы бар.
ХҮІІІ және XIX ғасырдың басындағы дамудың негізгі теориясы 
преформация теориясы еді. Бұл теорияны қалыптастырған ӛз дәуірінің ірі 
физиологы Галлер (1708-1777) болған. Преформистер ұрық толықтай 
қалыптасқан түрінде бір-бірінің үстіне орналасқан күйінде болады және 
олар ӛте кішкентай, мӛлдір, микроскоппен де кӛруге болмайды деп санаған; 
даму кезінде олар сапалық ӛзгерістерге ұшырамастан сандық жағынан 
ӛркендейді деп түсіндірді. Преформистердің түсініктері бойынша ұрық 
ересек ағзаның кӛшірмесі және болашақ ұрпақтың ұрықтары. 
Преформизмді қуаттаушылар Джузеппе Ароматри, Сваммердам, Левенгук
Бонне, Галлер т. б. Преформизмді қолдаушылар овистлер (Сваммердам, 
Мальпиги, Бонне, Галлер, Уинслоу, Валлиспери, Рюйш, Спалланцани және 


134 
басқалар) мен анималькулистер (Левенгук, Лейбниц, кардинал де Полиньяк 
т. б.) болып екі топқа бӛлінген. Галлердің ізбасар овистлері Хауа ананың 
құрсағында жаратушы орналастырған 300.000 миллион дайын ұрпақ ұрығы 
болған деп түсіндірген. Преформизмге қарсы кӛзқарас — эпигенетика. 
Эпигенез (гректің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   381




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет