Негіздері



Pdf көрінісі
бет190/381
Дата14.05.2022
өлшемі8,4 Mb.
#143344
түріОқулық
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   381
Байланысты:
tұңғyshbaeva-z.b.-czitologiya-zhәne-gistologiya-almaty-2015-274-bet. (1)

1.10 ЭМБРИОЛОГИЯНЫҢ НЕГІЗДЕРІ 
Эмбриология (гректің embryon — ұрық, logos — ғылым) ұрықтың 
дамуын зерттейтін ғылым. Ұрықтық, немесе эмбриондық, даму ағзаның 
жеке дамуының бастапқы кезеңін қамтиды. Бұл кезде даму процестері тез 
жүреді. 
Эмбриология дамудың ұрықтық (эмбриондық) кезеңін зерттеумен 
шектелмейді, сонымен бірге жеке дамудың алдыңғы, ұрық алды (про-
эмбриондық), ұрықтанудан кейінгі (постэмбриондық) және туылғаннан 
кейінгі (постнатальдық) кезендерді де қамтиды. 
Эмбриологияның негізгі зерттеу әдістеріне тірілей бақылау, дамушы 
ұрықты микрокиноға түсіру, абортустардан кесінділер дайындап, арнайы 
бояулармен бояу, электрондық микроскоптау, ауторадиография жүргізу 
жатады. Сонымен, эмбриология түрлі әдістерді қолдана отырып дамушы 
организмді молекулалық, клеткалық деңгейлерде де зерттейді. 
Эмбриология 
цитологиямен, 
генетикамен, 
гистологиямен, 
биохимиямен, басқа да биологиялық пәндермен тығыз байланысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   381




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет