135
Эволюциялық эмбриологияның негізін қалағандар А. О. Ковалевский
мен И.И.Мечников. Жануарлардың барлық типтерінің эктодермасын,
энтодермасын және мезодермасын байқаған да А.О.Ковалевский. Бірақ,
бұл терминдерді енгізген Э. Геккель болатын. Дарвиннің пікірлері мен
Бэрдің еңбектері Ф. Мюллер мен Э. Геккельге биогенетикалық заңды
қалыптастыруға негіз болған. Бұл заң бойынша онтогенез филогенездің
қысқаша қайталамасы. Онтогения мен филогенияның арақатынастары
жӛніндегі пікір эмбриологияның дамуына үлкен әсерін тигізді. Бұл ілімге
А.Н.Северцовтың қосқан үлесі зор. А.Н.Северцов филэмбриогенез
теориясын қалыптастырған. П.П.Иванов организмдердің метамериялық
құрылыс теориясының авторы. Г. А. Шмидт омыртқасыз және омыртқалы
жануарлардың эмбриондық дамуын зерттеп, эмбриологияның
дамуына
елеулі үлес қосқандардың бірі. Қазақстан эмбриологтары профессорлар И.
Чагиров пен К. Баймұханбетовтың және т. б. эмбриология ғылымына қосқан
еңбектері аз емес.
Достарыңызбен бөлісу: