Негіздері



Pdf көрінісі
бет224/381
Дата14.05.2022
өлшемі8,4 Mb.
#143344
түріОқулық
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   381
Байланысты:
tұңғyshbaeva-z.b.-czitologiya-zhәne-gistologiya-almaty-2015-274-bet. (1)

амфибластула 
пайда болады. 
Амфибластуланың целобластуладан айырмашылығы, оның бластоцелі 
анимальді полюсіне қарай ығысқан және қабырғасы клеткалардың кӛп 
қатарынан тұрады. Амфибластуланың тӛбесін және түбін ажыратады. 
74 – сурет. Амфибия жҧмыртқасының бӛлшектенуі 
1 — ұрықтанған жұмыртқа, цитоплазма зоналары әркелкі боялған, 2— 5 — 
жұмыртқаның бӛлшектену кезінде бластомерлерге бӛлінуі: екі бластомер (2), сегіз (3) 
бластомер, ірі клеткалы (4) және ұсақ клеткалы (5) бластулалар. 
http://slovare.coolreferat.com/
 
1 2 3 
4 5 


160 
Амфибиялар жұмыртқасының гаструляциясы инвагинация және 
эпиболия әдістерімен жүреді және гаструляциясы орақ тәрізді жылғаның 
түзілуімен басталады (75-сурет). Жылға энтодермалық алаңның алдыңғы 
немесе дорзальды бӛлігінде пайда болатын энтодермалық клеткалардың 
кішкене орақ тәрізді ойындысы. Орақ тәрізді жылға ӛзінің дамуы кезінде 
ұзарып, бос ұштары артқа қарай иіліп бір-бірімен ұштасады да сақина 
тәрізді бластопор құрайды. Бластопордан сары уыздық тығын деп аталатын 
энтодермалық қалдық шығып тұрады. Бластопордың дорзальді, вентральді 
және бүйір еріндерін ажыратады. Дорзальді ерін болашақ хорда 
материалын, болашақ нерв жүйесінің материалынан бӛліп тұрады. Бүйір 
және 
вентральді 
еріндер 
болашақ 
мезодерманың 
материалымен 
байланысты. Амфибия бластуласының вегетативті жағында сары уыз кӛп 
болғандықтан, кӛлемсіз кішкене бластоцельге симауына байланысты 
инвагинация жеткілікті дәрежеде жүрмейді (75-сурет). Сондықган, оған 
эпиболия қосылады, бластуланың анимальді жағы вегетативті жағын қаптап 
ӛседі. Осы кезде бластуланың вегетативті бӛлігі анимальді бӛлікке қарай 
ойысып бластоцельді толықтай ығыстырады. Аталған ӛзгерістердің 
нәтижесінде екі қабаттан — эктодерма мен энтодермадан — тұратын 
гаструла түзіледі. Бақаларда гаструляция барысында ортаңғы клеткалық 
материалдың қозғалысы нәтижесінде қуыс - гастроцель (архентерон) 
қалыптасады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   381




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет