155
меридиандық бағытта ӛтсе, екіншісі де сол бағытта жүреді, бірақ біріншіге
перпендикуляр болады. Үшінші жылға экваторлық жазықтықта ӛтеді де,
бластомерлерді кӛлденең бӛледі. Үшінші бӛлшектену
жылғасынан кейін
жұмыртқаны 16 бластомерлерге бӛлетін тӛртінші бӛліну жүріп, екінші
меридиандық жылға пайда болады. Бесінші бӛлінудің екі жылғасы тағы да
экваторлық, жұмыртқаны 32 бластомерлерге бӛледі.
Кейін меридиандық жылғалар экваторлық жылғамен кезектесіп жүріп
отырады. Клеткалардың саны геометриялық прогрессия бойынша кӛбейіп
отырады. Жетінші бӛлінуге (128 бластомерлер кезеңі) дейін, бӛліну
синхронды жүреді де, сегізінші бӛлінудің басынан бастап, бӛліну
асинхронды болады, себебі вегетативтік полюстің ірі клеткаларының бӛліну
жылдамдығы баяулайды. 16 клеткалық кезеңге дейінгі бластомерлер пішіні
дӛңгелек болып келеді. Осы кезде бластоцель бластомерлер арасыңдағы
саңылаулар арқылы сыртқы ортамен байланыста болады. 32 бластомерлік
кезеңде бластомерлер бір-бірімен жақындасады,
олардың арасыңдағы
саңылаулар жойылып кетеді.
Анимальдік және вегетативтік полюстерде ғана екі саңылау сақталады.
Бұл тесіктер бластомерлердің 128 кезеңіңде жойылады. Ланцетник
ұрығының осы кезеңінде целобластула пайда болады. Целобластуланың
қабырғасы (бластодерма) биіктігі бірдей клеткалардың бір қабатынан
тұрады, ал сұйыққа толы қуысы (бластоцель) ортасында орналасады.
Зиготаның бұрынғы вегетативтік полюсінде пайда болған бластула түбін
құраса, ал жоғарғы, анимальді
бӛлігі оның тӛбесін құрайды. Бластуланың
түбі мен тӛбесінің арасында орналасқан клеткалар зонасын, оның жиегі деп
атайды. Бластуланың түбін болашақ
ішек энтодермасы болатын, ірі
клеткалар құрайды. Тӛбесі - эктодерманы түзетін ірі клеткалардан тұрады.
Түбі мен тӛбесінің арасында мезодермаға айналатын клеткалар орналасады.
Энтодерманың үстіңгі жағыңда клеткалардың бірнеше қатары орналасқан,
олардың бластула түбіне жақын жатқандарынан хорда дамиды, ал хорда
материалынан жоғары орналасқан клеткалар болашақ нерв пластинкасы
болып саналады. Бластуланың қалған негізгі бӛлігін жануардың жабыны
дамитын клеткалар кұрайды. Бӛлшектену кезеңі
бірте-бірте гаструляция
кезеңіне айналады. Ланцетниктің гаструляциясы инвагинация жолымен
жүреді, яғни бластуланың вегетативтік жағы анимальдік жағына қарай
ойысады. Ойысу бірте-бірте жүреді. Осының нәтижесінде бластуланың
вегетативтік жарты шары экватор аймағына дейін ішіне кіреді де, ұрықтың
ішкі жапырақшасына (алғашқы энтодермаға) айналады. Анимальдік жарты
шар сыртқы ұрықтық жапырақша болып қалады. Гаструляцияның кейбір
белгілері бластомерлердің 128
кезеңінде байқалғанымен, гаструляция
156
бластомерлер саны 1000 жеткен кезде басталады. Гаструляция нәтижесінде
гаструла (грекше gaster — қарын) деп аталатын іші куыс, қабырғасы
клеткалардың екі қабатынан тұратын ұрық пайда болады. Гаструланың
қуысын гастроцель, немесе алғашқы ішек, ал гастроцельді сыртқы ортамен
жалғастыратын саңылауды бластопор (грекше blaste — ұрык, роrus —
саңылау), немесе алғашқы ауыз деп атайды. Оның жиегін ерін дейді —
дорзальдық (үстіңгі), вентральдық (астыңғы) және латеральдық (бүйір)
еріндерді ажыратады. Ланцетниктің гаструласында ішкі ұрықтық
жапырақшадан тұратын
алғашқы ішек немесе архэнтерон, тек ғана ас
қорыту жүйесінің бастамасы емес, сонымен бірге личинканың басқа
кӛптеген органдары мен ұлпаларының
бастамасы, яғни тұрақты ішекке
сәйкес келмейді. Даму процесі жұмыртқа қабықшаларының ішінде жүреді.
Гаструляция кезеңінен кейін мүшелер
мен ұлпалардың негізгі
бастамаларының оқшаулану кезеңі басталады.
Ұрықтың сыртқы қабырғасының құрамы біркелкі емес эктодерма
құрайды. Эктодерманың дорзальдық бӛлігі биік цилиндр тәрізді
клеткалардан тұрады. Бұл медуллалық, немесе нерв пластинкасын құрайтын
нерв жүйесінің бастамасы. Ұсақ клеткалардан тұратын эктодерманың
қалған бӛлігі жануар жабынының бастамасы. Ішкі ұрықтық жапырақшада
нерв пластинкасының астында хорданың бастамасы, ал
оның екі жанында
мезодерманың материалы орналасады. Сонымен, бластуланың сыртында
болатын болашақ ішкі органдардың материалдары гаструляция процесінде
ұрықтың ішіне қарай ойысады. Нерв жүйесінің бастамасы ұрықтың үстіңгі
бетінде қалғанымен, гаструладан кейінгі кезеңде ұрықтың ішіне ӛтеді. Жота
органдарының комплексі (біліктік органдардың) пайда болатын кезеңін
нейрула деп атайды. Нерв пластинкасы майысып нерв науашасын түзіп
эктодермадан бӛлініп нерв түтігіне айналады (73-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: