153
1.10.12
Хордалылардың эмбриогенезі
Хордалардың эмбриондық
даму ерекшелігін ескере отырып, оларды
Анамний -
Аnamnia
және Амниот -
Аmniota
деп екі топқа бӛледі.
Анамнийдің жұмыртқалары суда дамыса, Амниоттардікі құрлықта дамиды.
Құрлықта дамуды қамтамасыз ететін
жұмыртқа жасушасында пайда
болатын ұрықтан тыс мүшелер — амнион мен аллантоис. Амнионның
функциясы дамып келе жатқан ұрыққа сұйық орта қалыптастыру.
Аллантоистың (грекше
allаns
— шұжық, аllаnlоіs - шұжық тәрізді)
негізгі
қызметі ӛзінің тамырлары арқылы тыныс алу мен трофикалық
функцияларды қамтамасыз ету.
Анамнийлер (грекше аn — жоқ, аmnion — су қабы)
эмбриондық даму
кезінде амнион мен аллантоис сияқты ұрықтық қаптарды құрамайды. Бұған
жататындар бассүйексіздер (ланцетниктер), балықтар мен қосмекенділер.
Амниоттарға (грекше аmnion — тостаған) бауырымен жорғалаушылар,
құстар және сүтқоректілер жатады.
Достарыңызбен бөлісу: