1.10.11 Клеткалардың ӛзара әрекеттесуі немесе эмбрионалдық индукция Эмбрионалдық индукция – дамып келе жатқан ұрық бӛліктерінің бір –
бірімен әрекеттесуі. Эмбрионалдық индукцияда ең бастысы, ұрықтың бір
бӛлігі, басқа бӛлігінің дамуына немесе тағдырына әсер етеді. Бұл құбылысты
20 – ғасырдың басында эксперименталді эмбриология зерттей бастаған. Бір –
бірінен айырмашылығы бар клеткалар мен олардың компоненттері арасында
ӛзара әрекеттесу жүреді. Эмбрион клеткаларының дифференциациясы
фазаспецификалық қасиетке ие. Ерте дифференциацияланған клеткалар
маңайындағы дифференциацияланбаған клеткалармен ӛзара әсерлесіп әрі
қарай дифференциацияның жүруін анықтайды. Ерте дифферациацияланған
клеткаларды