Негіздері


эозинофилді дәнді лейкоциттер, немесе  эозинофилдер



Pdf көрінісі
бет273/381
Дата14.05.2022
өлшемі8,4 Mb.
#143344
түріОқулық
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   381
Байланысты:
tұңғyshbaeva-z.b.-czitologiya-zhәne-gistologiya-almaty-2015-274-bet. (1)

эозинофилді
дәнді лейкоциттер, немесе 
эозинофилдер
деп 
атайды. Гранулалары негізгі бояғыштармен қанық боялатын лейкоциттерді 
базофилдік
дәнді лейкоциттер немесе 
базофилдер 
дейді. Гранулалары не 
ацидофилдікке, не базофилдікке жатпайтын лейкоциттерді 
нейтрофилді
дәнді 
лейкоциттер немесе
нейтрофилдер
дейді. Нейтрофилдерді полиморфтар 
деп те атайды, полиморфты ядролы лейкоциттер деген терминнің 
қысқартылған аты. 
Агранулоциттер екі типке 
бӛлінеді: лимфоциттер және моноциттер. 
Ерекшелігі 
цитоплазмасында 
гранулалар 
болмайды, 
ядролары 
сегменттелмеген. Лимфоциттер деп аталуы қанда ғана емес, лимфада үнемі 
кездесетініне байланысты.
Гранулоциттерге сипаттама: 
1. Эозинофилдер
лейкоциттердің 1- 4% құрайды. 1 мм
3
қанда 120-дан 
350-ге дейін эозинофилдер болады. Пішіндері домалақ, ядросы сегменттелген 
екі ірі бӛліктен тұрады, олар бір-бірімен жіпше арқылы байланысқан. 
Цитоплазмасында орналасқан гранулалардың пішіндері мен мӛлшерлері бірдей, 
бояғанда ашық қызғылт сары түске боялады, қызыл уылдырықты еске түсіреді.
Эозинофилдің гранулалары қышқылдық реакция беретін (рН < 7) бояулармен 
боялады. Эозинофилдерде Гольджи аппараты мен митохондриялардан басқа 
органеллалар болмайды деуге болады. Олар, сүйектің қызыл кемігінде 
миелобластан
дамып жетіліп, қан тамырына ӛтіп, 3 - 8 сағат қанда болып, 
одан кейін қан тамырынан шығып ұлпаларға ӛтеді, онда бірнеше тәулік 
болады, жалпы тіршілік ету ұзақтығы 8-15 тәулік. Эозинофилдер әдетте 
ішектің, ӛкпенің, терінің борпылдақ дәнекер ұлпасында және сыртқы жыныс 
мүшелерінің беткі дәнекер ұлпасында кездеседі. Ол ӛзінің фагоцитоздық 
қабілетіне байланысты қорғау қызметін атқарады. Сондықтан, эозинофил 
иммунитетті қамтамасыз ететін жасушалар қатарына жатады және оның бір 
ерекшелігі аллергиялық реакциялардың дамуына қатысады, яғни бір затқа 
аллергиясы бар адамдардың қанында эозинофилдер мӛлшері арта түседі
(99- сурет А).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   381




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет