Негіздері


Агранулоциттерге сипаттама



Pdf көрінісі
бет276/381
Дата14.05.2022
өлшемі8,4 Mb.
#143344
түріОқулық
1   ...   272   273   274   275   276   277   278   279   ...   381
Байланысты:
tұңғyshbaeva-z.b.-czitologiya-zhәne-gistologiya-almaty-2015-274-bet. (1)

 
Агранулоциттерге сипаттама: 
 Лимфоциттердің көлеміне қарай 
үш типін ажыратады: кіші 
лимфоцит - 4,5-5 мкм, орташа лимфоцит - 7 мкм, ірі лимфоцит – 10 мкм, 
пішіндері домалақ, ядролары ірі дӛңгелек. Лимфоциттер сүйек кемігінде 
лимфобластан түзіліп, жалпы дайындықтан ӛтеді, оның пісіп жетілуі 
тимуста, кӛк бауырда және лимфа түйіндерінде жүреді. Мұндай пісіп жетілу 
процесі қажет, себебі лимфоцит – иммунокомпетентті жасуша, яғни ағзадағы 
әртүрлі иммундық реакцияларды қамтамасыз етіп, оның иммунитетін 
қалыптастырады. Лимфоциттерге жақсы боялған (базофилді) ірі, әрі 
дӛңгелек пішінді гетерохроматинді ядро мен оны қоршаған сақина тәрізді 
цитоплазма тән және цитоплазмасы аз жасушалар. Кіші лимфоциттердің
цитоплазмасында бос орналасқан рибосомалардан басқа органеллалар 
жоқтың қасы (100-сурет А). Орташа лимфоциттің цитоплазмасында бос 
рибосомалардан басқа митохондриялардың жеткілікті саны және түйіршікті 
эндоплазмалық тор болады. Ірі лимфоциттер жаңа туған сәбилер мен жас 
балалардың қанында кездеседі. Ересек адамдарда болмайды. 1 мм
3
қанда 
1000-4000 
дейін лимфоциттер болады. 
Ересек адам қанындағы 
лейкоциттердің жалпы санының 25-35% лимфоциттер. Жаңа туған 
нәрестелерде және сәбилерде лимфоциттердің саны 60% жетеді, ал кәрі 
адамдарда 20% құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   272   273   274   275   276   277   278   279   ...   381




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет