203
Атқаратын қызметтеріне қарай кіші лимфоциттер екіге бөлінеді:
«Арнайы дайындықты» тимуста ӛткен лимфоциттер – Т -лимфоциттер,
ал лимфа түйіндері немесе кӛк бауырда ӛткендер – В – лимфоциттер деп
аталады. Т – лимфоциттердің мӛлшері В – лимфоциттерге қарағанда кіші.
Қандағы Т және В жасушаларының ара қатысы 80% және 20% сәйкес келеді.
Қан ағзаның қажетті бӛлігіне лимфоциттерді жеткізетін тасымалдаушы орта
болып табылады. Лимфоциттердің орташа тіршілік ұзақтығы 90 тәулік.
1. Т — лимфоциттер жасушалық иммунитет жүйесіне жауапты. Олар
бӛгде жасушалар мен
патологиялық жасушаларды жояды, патогенді
вирустарға, саңырауқұлақтарға қарсы тұрады.
Сонымен бірге қан жасалу
бағытын анықтайды;
2. В — лимфоциттер гуморальдық иммунитет жүйесіне жауапты.
Арнайы белоктар антиденелерді бӛліп, ағзаны бактериялық және
қайталанатын вирустық инфекциялардан қорғайды. В —
лимфоциттер
алғаш рет Фабрицус бурсалары (bursa — дорба) деп аталатын құстың
лимфоидтық мүшесінде байқалған.
Моноциттер
лейкоциттердің 2-8% дейінгі мӛлшерін құрайды,
лейкоциттердің ішіндегі
ең ірісі, пішіні сопақтау, ядросының пішіні әртүрлі
болып келеді: таға, бұршақ, таяқша тәрізді немесе сегменттелген. 1 мм
3
қандағы саны 200 - 600-ге дейін жетеді. Цитоплазмасында жақсы жетілген
Гольджи
аппараты, бос рибосомалар мен полирибосомалар, түйіршікті
эндоплазмалық тор және бірен-саран митохондриялар болады. Моноциттерге
амебаша қозғалыс пен фагоцитоз тән. Моноциттер
бактерияларды ғана
емес, сонымен бірге жасушалардың қалдығын, антигендер мен бӛгде
белоктарды да фагоцитоздайды (100-сурет Б). И. И.
Мечников бұларды
Достарыңызбен бөлісу: